+2 дауыс
26.1k көрілді
Итмұрынның пайдасы мен зиянын айтыныздаршы?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Халқымыздың ежелден дәрі ретінде қолданып келе жатқан өсімдіктердің бірі – итмұрын. Ол республикамыздың барлық өңірінде, әсіресе таулы аймақтарда көп кездеседі. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр қаралтқым, сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты жағынан өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен қарасы басқа екеуіне қарағанда дәрумендер жағынан 4-5 есеге дейін артық болады. Қызылы мен тікенділерінде 300 бірліктен сәл жоғары болса, қалған екеуінде 1200-1500 бірлік дәрумендер бар.

Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап, түрлі тері сырқаттарына майлар әзірлейді. Итмұрынды күзде піскен кезде жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал қысқа қалып, аяз ұрса, С дәруменінен айрылып қалады. Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін бол­са, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз. Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына сіңірсе қажетті дәруменді толық алды деп есептеледі.

В2, Р, К, Е, каротин 12-18 мг, пайыз, органикалық қышқылдар, алма және лимон заттары, эфир майлары, минералды тұз, темір, марганец, фосфор, кальций, молибден, кобальт, хром, мыс, тағы басқа заттар көптеп кездеседі.

Итмұрынның дәні ғана емес, жапырақтары мен гүлін де жинайды. Гүлінде эфир майлары көп болса, жапырақтарында С дәрумені баршылық. Күзде тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, өтті айдайтын, зәрді жүргізетін, сұйық болып өтетін ішті тоқтататын, туберкулездің алдын алатын, тәбетті ашатын дәрі десе де болады.

Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап, жыныс қабілетін көтереді. Ұнтақталған   дәнді 5 минут ақырын қайнатып, термоста 30-40 минут ұстап, шектеусіз іше берген жағдайда еске сақтау қабілетін жақсартып, ағзалардың жасаруына септігін тигізеді. Осы орайда ескеретін бір жайт, аталған тұнбаны тістің арасынан өткізіп ішуге болмайды. Өйткені тістің эмалын кетіретін қышқылдар бар.

Адамның жұмыс қабілеті төмендеп, жылдам шаршайтын болса, қан құрамы өзгеріп, өкпеде туберкулез белгілері байқалса, бауыр, өт, қуық жұмыс ырғағы бұзылып, көңіл-күйді бұзатын болса, төмендегідей әдістерді қолданған жөн. Бір ас қасық ұнтақталған итмұрын дәнін 400 г қайнап тұрған суға салып, су моншасында 15 минут қайнатады, бір тәулік бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішеді. Балаларға осыған бал қосып береді.

Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 г суға 15-20 минут ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 грамнан ішеді. Күніне үш рет. Жатырда өспе (миома) болған жағдайда ұнтақталған дәнінен 1 шай қасық, 1 ас қасық аюбадам, бір шай қасық бал, талшын ағашының жемісінен бір шай қасық, жұмыртқа қабығынан жарты шай қасық қосып, бәрін араластырып, күнделікті астан соң жеміс шырынымен ішеді.

Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет.

Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.

Көз былшықтанып, басқа да жеңіл-желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып, салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді.

Итмұрын құрамындағы Р және С дәрумендері қыл тамырлардың сыну және жарылу мүмкіндіктерін азайтады, керілу және созылу мүмкіндіктерін арттырады.

http://maqsat.kz/archives/272

+1 дауыс
Итмұрынның пайдасы — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
0 дауыс
Итмұрын (шиповник, дикая роза) - дәрілік өсімдік. Сонымен қатар, итмұрын декоративтік те өсімдік ретінде де қолданылады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
3 жауап
–1 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.03.2015 Қоғам сұрақ қойды
...