Гобелен өнері басқа көркемдеуші өнерлерден көркем өнер тілінің декоративтілігімен, тоқу ерекшелігімен, түстерінің қанық, әрі молдығымен, қолмен тоқу ерекшелігімен өзгешеленеді. Ал оның туындауы жалғыз, аса үлкен еңбекпен, әрі ұзақ уақыт аралығындағы төзімділікпен туындайтын өнер. Бірақ, өкінішке орай осы жағдай көзге ілінбей көп жағдайда қолмен тоқу өнерінің ерекшелігіне жалған пікір туғызып жатады. Осы өнердің шынымен де қолмен тоқылғаны рас болса, онда бұл туынды еш күмәнсіз «көркем өнер» құндылығы болып табылады.