+3 дауыс
763 көрілді

Күнделікті интернетте сіз қолданып жүрген іздеу сайттары, әлеуметтік желілер, сервистік сайттар, видео-аудио, мәтіндік контентті ұсынып отқан т.б. сайттар жарнаманың арқасында күн көреді. Тым болмаса өзіңіз жиі қолданатын сүйікті сайттарыңызды таңдап, ол сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағалаңыз. Себебі сайттың дамуы сайтта орналасқан жарнамаға тікелей байланысты десем қате айтпаған болармын. ("Егер ол сайт тендер арқылы мемлекеттің ақшасын сорып отса әңгімеміз жоқ, әрине :)")

adblok қосымша, жарнама

Қазіргі уақытта жарнаманы көрсетпеу үшін браузерге арналған ең танымал AdBlock және AdBlock Plus атты екі қосымша бар. Осы қосымшалар үшін өте үлкен редакторлық команданы жасақтап, сіздерге тегін пайдалы контентті ұсынып отқан интернет жобалар зардап шегуде. Жыл сайын PageFair жобасының есептеуінше, баннерді жасыру қосымшаларының кесірінен орташа сайт 22 % жылдық табысынан айырылады. Баннер көрсетпейтін қосымшалалардың кесірінен жарнама сайт қолданушыларына көрсетілмей, орташа CTR мен көрсетілім азайғандықтан жабаның иелеріне кері әсер етпеуде. Күнедікті қолданып, тұтынып жұрген контент аспаннан салбырап түскен жоқ. Сайт жарнаманың арқасында күн көреді. Сол контентті жасап отырған редакторларға, сайт басшылығы жарнамадан түскен қаражатқа айлық төлейді. Сайттың өміршең болуы жаранамға тікелей байлансты екенін қайта айта кетейін. Google, Yandex секілді алпауыт, Facebook әлеуметтік желісі т.б. көптеген сайттары осы жарнаманың арқасында дамып, тұрақты, сапалы қызмет етуде. Біз сізге AdBlock қосымшасын толықпай өшіріп тастаңыз деп айта алмаймыз, тек тым болмаса өзіңіз ұнататын, контентін қолданатын сайттарда AdBlock қосымшасының қосылмауын қадағаласаңыз деген ниет. Өзін-өзі силайтын сайт, жоба ешқашан сіздерге ұятсыз, зиян келтіретін жарнаманы көрсетпейді. Кейде шынымен де сізге өте пайдалы ақпарат көзін ұсынып отқан жарнама болуы да ғажап емес. Сондықтан осы сайттың дамығанын қалаймын деген сайттарда AdBlock қосымшасын өшіріп тастаңыз.

Төменде AdBlock қосымшасының өзіңіз таңдаған сайттарда қосылмауына арналған нұсқаулық:

Сұрақ-Жауап сайтында қосымшалардың қосылмауы үшін іс-әрекет.

1. AdBlock

adblok қосымша, жарнама

adblok қосымша, жарнама

2. AdBlock Plus

adblok қосымша, жарнама

3. AdBlokPro

adblok қосымша, жарнама

 

Ақпарат көзі: Желідегі этикет: Эгоист болмай, AdBlock қосымшасын өшіріңіз

p.s. МЭТТ САККАРО, жазушы. «Я чувствую вину за использование AdBlock. Вместо того чтобы видеть страницы без рекламы, я вижу страницы с призраками. Каждое интернет-объявление, которое вы видите, — результат работы многих людей: веб-дизайнеров, представителей отдела продаж, маркетологов и других. Устанавливая Adblock, я отрицаю их существование. Я обесцениваю труд, который стоит за каждым объявлением каждый раз, когда просматриваю сайт без рекламы».

Ақпарат көзі

Админ сосын Adblock-ты СЖ-дан өшіріңдер деп тура айтсаңшы. Кейбіреулер намек түсінбеуі мүмкін.

7 жауап

0 дауыс
Менде адблок қондырсамда жарнамалар шыға береді. Бұдан басқа қандай жақсы программа бар жарнама шығармайтын?
менде де тура солай. осы сұрақт сж жазған кезде Adguard.com программасын ұсынған болатын. алғашқыда көмектесті қазір сол программа болса да жарнамалар шыға береді.
Енді ?                                                                           .
сіз орнатып көріңіз мүмкін сізге көмектесер
сілтеме лақтыр орнатып көрейін.
Яндекс.браузерді орнатып ал. Настройкаларында Adguard деген қосымша бар. Соны қоссаң, ешқандай да жарнама шықпайды. Екінші жағдай, Яндекс.браузер Гугл Хромнан 25 пайызға жылдам  ;)
+3 дауыс
Рахмет, осы жазбаның арқасында жарнамаларды жасырып отыратын AdBlock қосымшасы бар екенін білім алдым. Қондырып алдым, қосып қойдым. Бақыттымын! :)
Бақытты бол!
Ооо жұрттың баласы. :) Қош келдің сайтымызға.
0 дауыс
Кешіріңдер осы сайтта жарнама барма мен көрмеппін?
AdBlock қосымшасын өшірсең сайтта Яндекс Директің және бірнеше ауысып тұратын Баннерлік жарнаманы көресің.
0 дауыс
Құлақ десе бас дейтiн адамсыңдар ғой:) Жауаптарыңа қарап кейде өмiрден түңiлiп кетем ше:)
0 дауыс
Ал мен өшіргім келмейді . миға артық салмақ түсіріп заааа чеееем?
Жоқ AdBlock-ты толықтай өшір демеймін. Тек таңдаулы, осы сайт дамысын, маған ұятсыз жарнама көрсетпейді дегене сайтта қосылмауын қадағаласаңыздар деген ниет қой. Оның ішінде әрине Сұрақ-Жауап сайтында да қосылмаса екен деген ниет. Біз ешқашан жалаңаш, адамға жақпайтын жарнаманы көрсетпейміз. Себебі біз сайт қолданушыларын силаймыз. Ал сайттың өміршең болуы сайттың қолданушыларына тікелей байланысты.
Жоғарыдағы нұсқаулық AdBlock-ты толықтай өшіруді көрсетпейді, тек таңдаулы сайттарда ғана қосылмауы үшін не істеуге болатындығы туралы нұсқаулық.
0 дауыс
қарны жыбырлаваткан жиіркенішті бәлелерді көріп отырындар дисіз ба)) мен кіретін сайттарға үйдегілер де кіреді, ұят ғой, дені дұрыс жарнама көрмедім)) это не эгоизм, ондай суреттерге қарау да күнә болып есептеледі.
Жоқ AdBlock-ты толықтай өшір демеймін. Тек таңдаулы, осы сайт дамысын, маған ұятсыз жарнама көрсетпейді дегене сайтта қосылмауын қадағаласаңыздар деген ниет қой. Оның ішінде әрине Сұрақ-Жауап сайтында да қосылмаса екен деген ниет. Біз ешқашан жалаңаш, адамға жақпайтын жарнаманы көрсетпейміз. Себебі біз сайт қолданушыларын силаймыз. Ал сайттың өміршең болуы сайттың қолданушыларына тікелей байланысты.
Жоғарыдағы нұсқаулық AdBlock-ты толықтай өшіруді көрсетпейді, тек таңдаулы сайттарда ғана қосылмауы үшін не істеуге болатындығы туралы нұсқаулық.
түсінікті) орындадым)
+1 дауыс
Иа админ кейде Амиго,Mail.ru браузер искать в интернетте деген жерлерде вирус жарнама толып отырады ол тіпті СЖ сайтын ашқан кезде орындалады мысалы  жаман көрсетіп отырады әрине Сж қатысы жоқ бірақ вирус ісі ғой )))).Егер Х басып құтылсаң онда подождите анау мынау дейді содан әрең құтыласың сол кезде Adblock көмектегіне жүгініп жүремін.Бірақ сіздің айтқаныңызға құлақ асатын боламын сайтқа зиян және зияным тимесе болғаны келесте есте сақтайтын боламыз!)))))))

Ұқсас сұрақтар

...