Сейтқали Меңдешов (1882-1937жж.) Сейтқали Меңдешев Орал облысының Новая Казанка селосында дүниеге келген. Сейтқали Меңдешев партия және мемлекет қайраткері. Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін (1903) 13 жыл бойында Бөкей даласындағы ауылдарда мұғалім болып қызмет жасады. Осы жерде ол революциялық-насихаттық жұмысқа қосылып, саяси әдебиеттерді таратумен айналысты, құпия жиылыстар мен шерулерді ұйымдастыруға қатысты. Сейтқали Меңдешев Бөкей ордасының халық мұғалімдерінің қоғамын ұйымдастыруға, онда олар алдарына тек қана кәсіби емес, сонымен бірге саяси міндеттер де қойды. Сондай-ақ, Сейітқали мұғалімдік қызметтің неғұрлым озық ойлы жағын біріктіретін Астрахань өзара көмек қоғамының мүшесі болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін ол тұтқынға алынады және Астрахань түрмесіне қамалады. 1917 жылғы Ақпан революциясы жылдары ол Новая Казанка селосындағы Ревком ұйымына қатысады. 1917 жылдың қазанында Меңдешев Сейтқали большевик С. Генераловпен бірге Бөкей ордасында ашық революциялық үгіт жүргізеді. Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының құрылуы мен таралуы жағдай туғызады. 1918 жылы Бөкей сьезінде губатқару комитетінің мүшесі болып сайланады, ал 1919жылы оның төрағасы болады. Сейтқали Меңдешев үшін оның өмірінде 1919 жыл айрықша айтарлықтай болды. Ол алғашқы қазақ атты әскері полкін және облыста бірінші комсомол ұйымын құруға қатынасты. Сонымен бірге «Мұғалім» журналының жұмысын дұрыстайды, бірінші Кеңес Конституциясын қазақ тілінде аударуды ұйымдастырады. 1919 жылғы шілдеден Меңдешев Сейтқали РСФСР Кеңхалкомы жанындағы ВКР-нің Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару ісінің мүшесі мен оның төрағасының орынбасары болды. 1920 жылы 25 тамызда РКП (б) ОК Сейтқали Меңдешевті РКП (б) Қырғыз облбюросының құрамына енгізеді. 1920 жылы Меңдешев ОАК-ның бірінші төрағасы болады. Сейтқали Меңдешев қалыңмал, құн төлеуді жою, көп әйел алушылықты тыю жөніндегі декреттерді дайындауға күш-жігерін жұмсайды. Сейтқали Меңдешев, Сәкен Сейфуллин және Әліби Жанкелдин 1921 жылы Мәскеуде өткен РКП (б) ОК Бірінші мәжілісіне ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерімен бірге барды. Мәжілісте Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы түркі халықтары арасындағы үгіт пен насихат Орталық бюросына айналдырылды. Оның құрамына Қазақстаннан Меңдешевті сайлайды. Сейітқали Меңдешев жаңа салықтық саясаттың негізін жасауда үлкен рөл атқарады. 1924 жылы Сейтқали Меңдешев республика үкіметінің құрамына жұмысшы қазақтарды тарату жөніндегі ұсыныстарды жасау үшін құрылған арнайы комиссияның жұмысына белсене қатысты. 1926 жылы 1930 жылға дейінгі аралықта Сейтқали Меңдешев Мәскеуге шақырылып алынады және РСФСР (ЭКОСО) экономикалық мәжілісінің мүшесі болып тағайындалады. 1930–1937 жылдары ол Қазақ Республикасының оқу ісі халкомы, ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, қорықтар мен ескерткіштерді қорғау жөніндегі Кеңхалкомы басқармасының бастығы болды. Қазақстандағы аштықпен күресу жөніндегі Төтенше комиссияны басқарды. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік бөлінісі жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты, 1928 жылдан 1929 жылға дейін ұлттық республикаларындағы жерді пайдалану жөніндегі мәселелерді шешу жөніндегі КСРО ОАК комиссиянының және конституциялық комиссиянының мүшесі болды. КСРО ОАК Чувашия Кеңестерінде сайлау өткізу жөніндегі уәкілі. БОАК және КСРО ОАК мүшесі, Республика ОАК мүшесі. 1924–1925 жылдары КСРО ОАК Президиумының мүшесі. Коминтерннің бесінші конгресінің делегаты. Сейтқали Меңдешев елеулі әдеби мұра қалдырды. Оның жарық көрген мақалалары мен баяндамаларының тізімі 40-тан асады.