Қаршыға есімінің қазақ киносына қатысы қанша? Бұл кісі кім?

0 дауыс
833 қаралым
Қаршыға есімді кинорежиссер бар ма? Оның қандай туындылары халыққа таныс?
• Санаты: Өнер | 833 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Фейсбук әлеуметтік желісінде. https://www.facebook.com/profile.php?id=100005652135895

Қаршыға Иген

Қарағандылық режиссер Қаршыға Иген өзінің «Пеш» атты фильмін көрермен назарына ұсынды. Туынды іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық пен пайдакүнемдік тәрізді жағымсыз қасиеттен арылтып, адамгершілікті дәріптейді. Өзгеше жанрда түсірілген көркем фильмнің тәрбиелік мәні зор. Басты рөльді Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Бекмұхамед Киекбаев сомдады.

Фильм соңында талай жанның обалына қалған кейіпкер наубайхана пешіне күйіп өледі. Туынды Шет ауданындағы Жұмыскер ауылы мен Ағадыр стансасында түсірілген. «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан шығармашылық топ өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып шықты», - дейді режиссер.

http://www.baq.kz/kk/news/54730

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
23.06.2025 • Санаты: Тұлға, Адам rauanbai сұрақ қойды
127,942 сұрақ
322,829 жауап
153,169 пікір
72,941 қолданушы