0 дауыс
12.6k көрілді
Цунами туралы жақсы реферат болса?

1 жауап

+1 дауыс
Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.

 

Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8,9 баллға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м-ден астам цунами тарады. Таудай су толқындары жолындағы елді мекендерді шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 300000 адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000 км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті.

 

Цунами негізінен Тынық мұхит жағалауында (Ресейдің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңт.- Шығыс Азияда, Оңт. Америкада) жиі қайталанады. 20 ғ-дың 40 — 50-жылдарында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Ц. қызметі құрылды. Болжам Ц. толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығын есепке алуға негізделген.

 

Жерасты жер сілкінулері цунами деп аталатын орасан зор толқындардан болады. Бұл толқындар сағатына 800 км жылдамдықпен қозғалады, ашық тенізде көрінбеуі де мүмкін. Алайда судың таяз жерінде 30 метр биіктікке дейінгі алып су қабырғаларына айналып, жолындағының бәрін қирата отырып, құрлыққа қарай бағыт алады. Оның алдын алу жүйесі Тынық мұхиты бассейнінде 1948 жылы әзірленді, цунамидың копшілігі осы жерде болады. Толқын соққысына дейін бірнеше сағат ішінде адамдар қауіпті аудандардан шығарылып, цунами зардаптарын азайтуға болады.

Ғаламдық апат — бірқатар ірге - лес мемлекеттердің аумағын қамтитын апат; мүндай апаттардың болу мерзімі 30-40 жылда бағаланады, оның салдарынан зардап шеккен халық саны 100 мың адамнан асып, экономикалық шығын 100 млрд. доллардан аса болады. Мүндай салдар ірі көлемді техногенді азаматтық және әскери сипаттағы ядролық реакторларда, ядролық циклдегі мекемелерде, атом сүңгуір қайықтарында, химиялық қару сақталатын қоймаларда, қатты эсер ететін улы заттар бар ірі химиялық мекемелерде болған апаттармен байланыстырылады. Ғаламдық залалы бар табиғи апаттарға ірі жер сілкінісін, вулкандар атқылауын, цунами, алапат дауылдарды жатқызуға болады

Инфрадыбыс(лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады.
...