+3 дауыс
21.1k көрілді
Үлкендер маған тырнақ алуға болмайды деген. Себебі неде?

8 жауап

+4 дауыс
менің естуім бойынша бұрын бәрі бір киіз үйдің ішінде тұрған. тамақ та басқа да сол жерде болғандықтан тырнақ алуға тиым салынған дейді, себебін түсінген боларсыз. үлкен кісілерде сол адет қалыптасып кеткен. ал қазір болады алуға деп естігенмін.

Ескерте кетерлік бір жайт, тырнақты тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады. Кейбір қандастарымыздың айтып жүргеніндей «түнде тырнақ алуға болмайды» деген тыйым шариғатта жоқ. http://muftyat.kz/kz/question?cid=18 осы сайттан алдым
+2 дауыс
Түнде тырнақ ала беріңіз. Дым да болмайды
+1 дауыс
Әр ырым-тиымның түбінде тәрбиелік мән жатыр. Тырнақты күндіз далаға шығып алған дұрыс. Ал түнде үйдің ішінде тырнақ алу тырнақ астында болатын микробтардың үйдің ішінде қалуына себеп болады.
+2 дауыс

Қалаған уақытыңда ала берсең болады.

–1 дауыс
Шайтанның ісі-- деп кітаптан оқығанмын
+1 дауыс
Апам(әжем) марқұм 86 жас жасап дүние салды.Әкемнің үлкен баласы,әрі әкем жалғыз болғандықтан іні есебінде болып әже құшығында өстім,сондықтан да апа деп атап кеттім.Сол кісі шашын тарағанда үлкен ақ жаулығын жайып соның үстіне тарайтын да түскен шаштарының бір талын да қалдырмай жинап алып түйіп қоятын еді.Кейін өлгенімде шашымды өзіммен бірге көміңдер,шаш адамның Аллатағалла берген дене мүшесіне жатады,онда барғанымда түгендейді деп отырушы еді жарықтық.Ал тырнағын алғанда майдалап қамыспен бірге турап көміп тастаушы еді. "Бұл не үшін" - деп сұрағанымда,"Тырнақ лас мүше,оны алып тастасаң да өсуін тақтатпайды,алда - жалда тамақпен араласып адам ішіне кетіп қалса өсе береді де кісіні ауру қылады"- деуші еді.Апам оқымаған сауатсыз адам еді,бұл айтқандарының қаншалықты дұрыс,е болмаса бұрыс екенін білмедім,бірақ гигеналық жағынан қарасам тура сияқты.
Жако ағай, жауабыңыз көңіл толтырарлық екен. Әжеңіздің жатқан топырағы торқа, жаны жәннәтта болсын!
+1 дауыс
Түнде алмау себебі қайтқан адамды жуындырғанда тырнағын түнде алатын көрінеді, сондықтан тірі адам түнде тырнақ алмайды деген ырым деп естідім...
0 дауыс
Себебі ,адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады
...