0 дауыс
783 көрілді
жаным Махаббат сені қатты сағындым.... көрмегелі 3 күн өтті, ал маған 3 жылдай сезіліп  тұр... сонша сені сағырам мекем... барлығын өзім бүлдірдім... біз айрылысып кеткен нен кейін ол өзі қайтадан бастайық деп бірінші айтып еді, ал мен сол сәтте не болғанын білмеймін, "дос бола берейік" деп айттым.. өзім де білдім қиналып қалатынымды, қиналып та жүрмін... мен оны шын сүйеді екенмін.. ұмытармын деп ойлағанмын, алайда қазіргі сәтте ол секунд та ойымнан шығар емес, ұйқтасам түсімді, оянсам ойымнан кетпейді.... тіпті мазасызданып кеттім... ол бұл сайтқа кірмейді мүлдем, бар екенін де білмейді, сондықтан ойымды екркін жазып тұрмын, мен сезімге қатты беріледі екенмін... 3 күн бойы ештенеге мазам болмай жүр, өзім хабарласып іздеуге намысым жібермейді..  кәдімгідей бүгін сағынып кеттім, сабақ оқу түгіл дәптердің бетін ашуға мазам жоқ, зачеттын уақыты, неге ғана сонша бауыр басып қалды екенмін саған Макония.... ол мен үшін бәріне де дайын еді, ал қазір мен ол үшін Гераклдың 12 подвигін қайталауға дайын тұрмын... тіпті олсыз өмірім де қызық емес сияқты, группада өтірік күліп жүрмін, ал шын мәнінде өз өзімді қоярға жер таппай жүрмін, мені түсінетін адам бар ма екен, Модераторлар алып тастаса реніш жоқ, себебі бұл сұрақ емес... мені олар түсінбес, тек ғана менің орнымда болса ғана басқаша ойда болар...

5 жауап

0 дауыс
Oй ДИМКА, катты киналып жур екенсинго,енди онымен дурыстап сойлес.Сосын натиже шыкса,менен суйнши сура':-)          ,.......................................
сүйінші сұрай алмайтын болдым... .........
0 дауыс
озиниз званданыз) сенин намысын емес жибермей турган артык айтсам кешириниз бирак сен коркаксын)) улдардын коби жауапкершиликтен коркады!!! сосын артынан окинип келеди)))
–1 дауыс
Если хочешь идти - иди,
Если хочешь забыть - забудь.
Только знай, что в конце пути,
НИКОГО уже не вернуть.

Пысы: орысша жауап бергеніме кешірім сұраймын, бірақ бұны оқыған кезде ойыма ең бірінші түскені осы болды.
+2 дауыс
Шынайы махаббаттың 10 сыры (Адам Джексон)
Әлемдегі ең тамаша,ең керемет нәрселерді естуге немесе көруге болмайды...бірақ оны жүрекпен сезіну керек.(Хелен Келлер)
1.Ойлай біліу
Махаббат ойлай білуден басталады.Біз не туралы ойласақ ,біздің өміріміз де дәл солай жүзеге асады.Сезімге толы ойлар махаббатқа толы өмір мен сезімге толы қарым қатынас туғызады.Біреулер туралы жақсы ойлар біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуі мүмкін.Егер біреуді сүйсең,оның тілектері мен қалауын есепке алу керек.Егер сен өз қиялыңда сүйіктіңнің бейнесін жасап алсаң,ол шын мәнінде кездескенде сен оны оңай тани аласың.
2.Сыйластық
Біреуді сүю үшін оны сыйлай білуің керек.Ең әуелі өзіңді сыйлай біл.
Өзіңе деген сыйластықты қалыптастыру үшін,өзіңізден: «Мен өзімнен нені сыйлаймын» деп сұрап көріңіз.Ал,басқа біреулерге(тіпті ұнатпайтын адамдарға да) сыйластық тудыру үшін «Мен олардан нені құрметтеймін» деп өзіңізден сұрап көріңіз.
3.Бере білу немесе сыйлау
Егер сізді біреу сүйгенін қаласаңыз,өзіңіз де махаббатты бере біліңіз.Егер сіз махаббатты неғұрлым көбірек берсеңіз,соғұрлым көбірек аласыз!Белгілі бір қарым- қатынасты бастамас бұрын, мен бұл адамнан не алам деп емес мен бұл адамға не бере алам деп ойлаңыз.Өмір бойы бірге болып,бақытты өмір сүрудің құпия формуласы да осында:әрқашанда не алатыныңызға емес,не бере алатыныңызға көңіл аударыңыз!
4.Достық
Шынайы махаббатыңды табу үшін-шынайы досыңды табу керек.Сүю деген бір-біріне қарап отыру емес,әлемге бірге,бір бағытта қарай білу.Біреуді оның әдемі түрі үшін емес,оның бар болмысы үшін сүю керек!Достық-махаббаттың дәні өсетін құнарлы топырақ:Егер қарым қатынасты махаббатқа айналдырғың келсе,әуелі оны достыққа айналдыра біл!
5.Жанасу
Жанасу-қарым-қатынасты жандандыратын махаббаттың тамаша бір көрісі.Жанасу адамның физикалық және эмоционалдық күйін өзгертіп,оларды махаббатты тезірек сезінуіне көмек береді.Жанасу-жүректі жылытуға апаратын бірден бір жол.
Құшағыңды ашқан кезде,жүегіңді ашатыныңды ұмытпа!!!!
6.Бостандық
Егер біреуді сүйсеңіз,оны бостандыққа жіберіңіз,егер ол сізге қайта келсе,ол сіздікі,егер келмесе ол ешқашан сіздікі болған емес...Шынайы махаббаттың өзінде де олардың өзінің жеке әлемі болуы керек.Сүйе білу үшін ең әуелі кешіре білу керек және бұрынғы реніштерді ұмыту керек!Сүю дегеніміз-қорқыныштан,өзімшілдіктен арылу.
7.Қарам-қатынас
Біз ашық әрі адал қарым-қатынас жасағанда өмір өзгреді.Біреуді сүю дегеніміз онымен қарым-қатынас жасау дегенді білдіреді.Айналаңыздағы жандарға оларды жақсы көретніңізді,оларды бағалайтындығыңызды айтудан тартынбаңыз.Мына 3 сиқырлы сөзді айтуға ешқашанда қорықпаңыз «МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН».Біреуді мақтаудың сәті түссе,ол мүмкіндікті ешқашанда жіберіп алмаңыз!Махаббат сөзін әрқашанда сүйікті адамдарыңызға айтып жүріңіз,мүмкін сіз оны соңғы рет көріп отырған шығарсыз!
8.Адалдық немесе жан-тәнімен берілу
Махаббат шынайы болу үшін оған берілі керек,және берілгендік ой мен істе өз нәтижесін бермек.Адалдық немесе берілгендік махаббатты сынаудың нағыз жолы.
Нағыз шынайы қарым қатынас туғызу үшін бұл қарым қатынасқа бүкіл болмспен берілу керек.Адалдық яки берілгендік тұрақты қарым қатынасты бөліп шығарады,оны басқа қарым қатынастан ерекшелеп шығарады.
9.Құштарлық
Құштарлық махаббттың жалындауына көмектеседі және оның сөнуіне жол бермейді.
Құштарлықты бұрын құштарлықты сезінген сәттердегі сәтті қайталау арқлы туғызуға болады.Сюрприздер де құштарлық туғызады.
Махаббат пен бақыттың мәні де осында:Әр күн сайын құштарлықпен өмір сүру керек!!!
10.Сенім
Шынайы қарым қатынаста сенім өмірлік маңызды рөл атқарады.Сенімі жоқ адам өзін жайсыз сезініп біреудің қармағына ілінгендей күй кешеді.Егер біреуге сенбесең,оны шынайы сүю мүмкін емес.Бір адаммен қарым қатынас бастамас бұрын:Мен бұл адамға толыққанды сене аламын ба деген сұраққа жауап іздеп көріңіз.
рахмет, бұл деректерді қайдан алдыңыз?
0 дауыс
Сенде махаббатқа қарағанда "гордость" басымырақ болып тұрғой....Махаббатта ондай нәрсе мүлдем болмауы керек...Оған өзің хабарласып,сол үш ақ ауыз сөзді тезірек айтпасаң,,одан бір ақ сәтте айырылып қаласыңғой....Егер оны расымен жақсы көрсең,намысты қоя тұрып(махаббат намыстанатын нәрсе емес),телефонды қолыңа ал...
рахмет, ол жана ғана өзі звандады, осы сұрақты қойғаныма өкініп қалдым, қазір алып тастаймын, барлығы бітті уже..... махаббат жоқ енді мен үшін
...