+2 дауыс
853 көрілді
Жастар саясатын мемлекет дұрыс жүргізіп отыр деп ойлайсыз ба?

1 жауап

0 дауыс

Егер жастар ары қарай жетілу үшін, үлкен өмір бастауы үшін жақсы мүмкіндіктерге ие болып отырса, онда мемлекеттің жастар саясаты дұрыс деген сөз. Бұл бағытта бізде белгілі бір теңсіздік бар. Қала жастары үшін ауыл жастарына қарағанда мүмкіндік көбірек. Яғни саясатқа өзгерістер енгізу қажет.

Жалпы қазір мемлекет орталық деңгейде болсын, жергілікті деңгейде болсын жастар ұйымдарының жұмысына аз қаражат бөліп отырған жоқ. Елімізде Қазақстан жастарының конгресі бар, басқасы бар, түрлі жастар ұйымдарының үлкен желісі жұмыс істеп жатыр, арнайы заң да бар, жастармен жұмыс істеуге бағытталған Білім және ғылым министрлігі мен әкімшіліктер жанындағы департаменттер мен басқармалар да жетерлік. 

Жастар саясатына мемлекет үлкен назар аударуда, ендігі кезекте, менің ойымша, осы бағыттағы жұмысты қадағалайтын қоғамдық бақылау керек. Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асуын ерекше атап өтер едім.

Нұрлан Ерімбетов

...