0 дауыс
1.0k көрілді
Некеде 2 жылдан бері тұрамыз, баламыз жоқ. Нағашы жеңгемнің аяғы ауыр, босана сала баласын беруге келісті. Баланы перзентханадан шыққанда туу туралы куәлігінде біздің атымызда тұрса дейміз. Ол үшін мен не істеуім керек, қандай жолдары бар. немесе алдын ала нотариусқа барып келісім шартка отыру керек пе? кандайда бір бас тарту кағазын алу керек пе сол жағынан ақыл кенес сураймын

1 жауап

0 дауыс

Армысыз. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 84-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша жалғыз ата-анасы немесе екеуі де баланы асырап алуға келісім берген жағдайда балалар асырап алуға жатады.Ата-ананың келісімі нотариалды түрде куәландырылуы тиіс.Жоғарыда көрсетілген кодекстің 87-бабына сәйкес бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Яғни ата-ананың келісімін алғаннан кейін Сізге сотқа жүгіну қажет. Егер Сіз заңмен белгіленген барлық талаптарға сәйкес келетін болсаңыз онда асырап алуыңызға болады. . «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 91-бабы:
1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.

2. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды

92-бап:
1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға және ол қырық бес жастан аспауға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.
2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

...