0 дауыс
905 көрілді
Дарын Мұбаров ақпа қарама!? оның айтқан уағыздарын, интернеттен еш қиындықсыз таба аласыз. Ал енді кейбір адамдар бар оның айтқанына мін тағады Оның айтқандары жан тебірентпей қоймайды. Осыдан соң не сенерімді, не сенбесімді білмей дал болдым. Сайт әкімшілігі, Аллах разылығы үшін сұрағымды жаппаңыздаршы, саяси да емес, дінге де қатысты емес, конкретно бір тұлғаға қатысты сұраққой. Егер оның айтқандары қате болса, осы сұрақты оқып қаншама жас ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алар еді.

Мынаны оқып көріңдерші : http://old.abai.kz/node/2146

8 жауап

0 дауыс
Оның сөздерi 100% рас, өз басым ондай адамды көрген емеспiн, Дарын аға мен бiр сұхбат құрсам, бiр арманым кем болар едi, сол күнге жеткiзсiн Алла.
"Бір арманым кем болар еді" әдемі сөз. Бірінші рет естіп тұрмын.
0 дауыс
Жалған уағыз айтып, адамды сендiру, үлкен күнә. Егер кейбiр сенбейтiн тұстарың болса ҚМДБ-ның ресми сайтына http://muftiyat.kz тiркелiп сұрақ қойып көр.
+1 дауыс
Дарын Мубаровтың уағыздарын мен де көп тыңдағанмын. дауысы өте жағымды. тыңдаған сайын тыңдай бергің келеді. бірақ көп адамнан оның адасқандығын естіген соң қорыққаннан тыңдауды қойдым. бірақ дінде кім ақ, кім қара бір Аллаға ғана аян. кім біледі Дарын ақ болып оны қара дегендер жөн емес шығар, мүмкін керісінше. бірақ бұл сұрақ мені де мазалайды
+1 дауыс
Дарын Мүбаров Қазақстандағы ең танымал уағызшы. Мен де оның уағыздарын көп тыңдадым. Оның білімі өте жоғары деп білемін. Сыйлауға лайықты азамат. Менің пікірім ол дінге өте қатты қарайды. Ешқандай себепсіз қойып тастайды. Мысалы Музыка харам деген сөзді ол еш ақтаусыз айтады. Яғни музыка мүлде керек емес дүние деп түсіндіреді. Ал ресми дін уағызшылары музыканы толық харамға жатқызбайды. Тыңдауға болатындары күй ән зиян емес деген пікірде. Және бір жайт кредит алу харамба дегенге тағы да толығымен харамға жатқызады. Ал басқа уағызшылар кредит алу харам емес егерде өте қатты таршылық жағдайында, басқа амалың болмаған жағдайда, ақшаны қарыз кредитке алу харамға жатпайды деген пікірде. МЕнің ойымша да екінші дұрыс. Ешбір адам баласы еріккеннен кредит алып, екі есе төлегісі келмейді ғой. Дарын Мұбаров мықты уағызшы. Мен оны тыңдадым, тыңдаймын. Керек жерін аламын. Кейбір тұстарын басқа имамдардың уағызымен салыстырып отырасың сондай жағдайда адаспайсың, тура жолда жүресің деген ойдамын. Дарынды тыңда, бірақ орнымен......
0 дауыс
Мен оны жақтаймын.. Жақсы адам, уағыздары да керемет.. Менің өмірге деген көзқарасым Дарын ағамыздың уағыздарының арқасында жақсы жағына өзгерді.. Естуім бойынша, ол кісіні жалған айыппен елден шығарып жіберіпті, қазір Туркияда екен.
Бұл ақиқат па, оны қайдан оқыдың: Көп сөз өсек болады ғой
0 дауыс
Менде ол кісіні жақтаймын. Уағыздарының 75% тыңдадым, өте керемет әсерлі. Ол ешқашан жалған айтпайды, айтқан уағыздарын Құран, хадис, қисса, арқылы дәлелдеп бере алады. Көре алмайтындар артынан әңгіме айтады. Мен ол кісіні қатты құрметтеймін
+1 дауыс
Жұртқа не істесеңде жақпайсың. Біреуіне ұнар, біреуіне ұнамағасын жамандап, сыртынан өсек шығаруы да мүмкін. Өзің ойланып-толғанып, ақ-қарасын ажыратып көр. Саған мына өлең жолдары көмектесер:

Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
0 дауыс
Білмедім бар ғооооооо!

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
3 жауап
Lobyist 22.01.2014 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
10 жауап
0 дауыс
1 жауап
...