0 дауыс
1.2k көрілді

Мен 2 балам бар күйеуіммен ажырасқым келеді. 2 балаға қандай мөлшерде алимент алады? Қазір бірге тұрмаймыз, күйеуім мінезі шатақ бірақ балаларына келгенде мені өлтіруге баратындай қоқан-лоққы көрсетеді. Сол себеппен мен оны балаларымен жолықтырғым келмейді. Сот арқылы көрсетпеуге шешім шығаруға болама?

2 жауап

0 дауыс

Егер балалардың өмірі немесе денсаулығына әке жағынан қауіп төнсе, онда Сіз оны ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа арыздансаңыз болады.
Сот ата-ана құқығынан айырған немесе ата-ана құқығын шектеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, егер бұл балаға теріс әсер тигізетін болса ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген ата-анаға балалармен жолығуға рұқсат бермеуі мүмкін.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 139-бабына сәйкес сот екі балаға ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің үштен бір бөлігін өндіріп алады.

0 дауыс

Егерде алимент алатын болсаңыз, көрсетуі тиіс. сот арқылы уақыты көрсетіледі. Сізбен бірдей әке құқығы тең. Ал 2 бала үшін алимент 33 процент төлейді, табысынан.

неке және отбасы туралы кодексінің 73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

      1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.

      Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.

      2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.

      Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.

      4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.

      5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.

      Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.

Ұқсас сұрақтар

...