0 дауыс
3.6k көрілді
Ақылы днк сараптамасын жасатқаннан кейін қызымның әкесі екені далелденсе сол днк жасатуға кеткен ақшаны әкесінен ала алам ба?

2 жауап

0 дауыс

Егер сот процессінде қыздың әкесі өзінің әкелігін мойындамай қойса және мұндай сараптаманы сот қажет ететін болса, сот шешімді Сіздің пайдаңызға шығарған жағдайда, Сіз сараптаманы жасатуға кеткен шығынды екінші жақтан өндіре аласыз.
Себебі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 110-бабына сәйкес пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді.
Яғни өзіңіз түсінгендей егер мұндай сараптама сот процессі кезінде жүргізілген жағдайда ғана Сіз қыздың әкесінен барлық шығынды ала аласыз, ал егер Сіз соттан тыс өз еркімен мұндай сараптаманы жасататын болсаңыз, онда Сізге сараптамға кеткен ақшаңызды ешкім алып бере алмайтын болады.

0 дауыс
ДНК сараптамасы қай қалада бар

Ұқсас сұрақтар

...