+1 дауыс
539 көрілді
Жұмыс жасағаныма 1 жылдан асты.Бастығымыз еңбек шартында басқа айлық көрсетіп, жыл бойына көрсеткен айлығының жартысын ғана төлеп келеді. Яғни еңбек шартында көрсеткен ақшаны толық төлемей отыр. Кімге барып арыздансам болады, жасырын түрде арыз жассам бола ма?Өйткені ізімнен қалмай жұмыстан шығаруға дейін бар мен арыз жазғанымды білсе үстінен. Және айлықты өндіріп алуыма бола ма жыл бойы жартысы төленбеген?

1 жауап

0 дауыс

Сіз жергілікті еңбек инспекциясына немесе ішкі істер органдарына арыздана аласыз. Егер арыздағы уәждеріңіз өз дәлелін тапқан жағдайда, олар жұмыс берушіні не қылмыстық жауапқа не әкімшілік жауапқа тартуы тиіс.Сонымен қатар Сіз азаматтық тәртіппен сотқа талап арыз түсіру арқылы өз жалақыны өндіруге құқылысыз.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш қарауға жатпайды. Яғни жасырын түрде жазып арызданатын болсаңыз, Сіздің арызыңызды қарамайды.

...