+1 дауыс
825 көрілді
Мен қазіргі таңда бір балаға алимент алып отырмын, бірақ 2014 жылдың сәуір айынан бастап алимент 10 пайызға көбейді деген енді соны алимменттің үстіне өндіріп ала аламын ба? Ол жұмыс істейме істемейме оған қатысы барма? Жолдасым қазир 4/1 бөлігін төлеп отыр жалақысы 82мын.Алде менікі дұрыс емеспе.

1 жауап

0 дауыс

«Неке (ерлі-зайыптылыр) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 139-бабының 1-бөлігіне сәйкес алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бір бөлігін; екі балаға — үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Сондай-ақ бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Яғни егер борышкер жұмыс жасап айына 82 мың теңге көлемінде табыс табатын болса, бір балаға сол табыстың ¼ бөлігі ғана алимент ретінде төленеді.

Сонымен қатар осы Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Ұқсас сұрақтар

...