Қысы жазы үзілмейтін қазақтың тойы айтулы асабасыз өтпейді. Қазақ тойының көркін қыздырып, сәнін келтіріп жүрген кімдер? Бес-алты сағатқа созылатын той үшін асабалардың алатын құны қанша? Бүгінде той бизнестің тізгінін ұстап, көптің көңілінен шығып, сұранысқа ие болған асабалардың тізімін тізіп көрейік.
1. Тұрсынбек Қабатовтың асабалық жұмыс кестесі жарты жыл бұрын құрылып, алдын ала жазылып қойылады. Қазіргі таңда тойшыл қазақтың қалауына айналған Тұрсынбек театр жетекшісі ғана емес, тамадалықты қатар алып жүрген актер, әрі жүргізуші. Оның ерекше сөз саптауы мен той басқару әдісінің арқасында думанды кештер қызықты өтіп жатады. Алматы жерінде өтетін бір той үшін Қабатовтың алатын еңбекақысы 5-8 мың доллар аралығы.
2. Нұржан Төлендиев. «Шаншар» театрындаТука, Ібән деген атпен танымал болған Нұржан да сұранысқа ие болып жүрген асабалардың бірі. Бүгінде жеке театр ашып, бағы жанған актер соңғы уақытта киноға түсіп, ән де шырқайды. Оңтүстік өңірінің тумасы көбіне сол жақтың әзілдерін айтып, адамды қыран топан күлкіге қалдырады. Тойдың у шусыз басқара білетін Нұржанның құны 2-5 мың доллар.
3. Ерлан Біләл әкім театр актері. Бірнеше жыл сахнада өнер көрсетіп келе жатқан Ерлан той жүргізгенде әдептен аспай, мәдени түрде қалжыңды жеткізе біледі. Жаттанды сөз айтпай, импровизациялық қабілетінің арқасында көптің талғамына сай. Той бизнесінде аса үлкен шақыртуға ие болған тамаданың табысы 3 мың доллар.
4. Жанатбек Бәйтеков те «Бауыржан шоу» мен «Тамаша» театрының түлегі. Телевизия саласында да өнерін паш етіп жүрген Жанатбек, той тізгінін қолына алғанына да біраз болды. Тілге шешен, ұшқыр ойлы тамаданың жүргізген әрбір тойы ерекше жағдайда өтеді. Қазақтың тойын қыздыратын асабаның бос уақыты бола бермейді екен. Алматы емес, еліміздің кез келген жерінде тойды ойдағыдай алып шыға білетін Жанатбектің бағасы 3 мың доллар.
5. Қанат Әлжаппаров соңғы жылдары «Базар жоқ» театры арқылы танылып жүрген актер. Автоматтың даусын салып, елді елең еткізген Қанат та асабалықпен айналысып келеді. Әзілдерді өзі жазып, түрлі идеялармен көптің алдына шығып жүрген асабаның той басқару тәртібі де өзгеше. Сөзге шебер, тамаданың қаламақысы 2-3 мың доллар.
6. Азамат Сатыбалды. Жігітке жеті өнер де аз дегендей, Азамат театр, кино актері. Сондай ақ концерт жүргізумен қатар, асабалық қызметті де орындап келеді. Тойды бастан аяқ бір қалыпта жүргізіп, әрі сөздің майын тамыза білетін асабаның көпшілікке ұнап жататыны белгілі. Элиталық тойларды жоғары деңгейде өткізе білетін, кәсіби асабаның құны 5 мың доллар.
7. Ерболат Төлегеновтың басқалардан ерекшелегі әженің образын ойнауы. Қарияға тән іс қимылдарды көрсетіп, солар секілді сөйлеуі көпті таңқалдырады. Той бизнесінде жас та болса, тәжірибелі Ерболаттың ақысы 2 мың доллар.
8. Рахман Омар да көгілдір экран арқылы белгілі болып жүрген асаба. Рахманның өзгешелігі ән айтып, би билеуі. Тойды көңілді, қызықты өткізу ол үшін қиынға соқпайды. Әбден машықтанған ол, кез келген ортада тойды жандандырып, қыздыра әкетеді. Қырықтың қырқасынан асқан асабаның құны 2-3 мың доллар.
9. Арман Дүйсенов композитор, асаба. Түрлі туындыны өмірге әкеліп жүрген Арманның той думандарды жүргізе білетін қабілеті де жоғары. Тәжірибелі, сұранысқа ие болып жүрген тамаданың алатын ақшасы 2-3 мың доллар.
10. Уәлибек Әбдірайымов «Шаншар» театрының жетекшісі, әрі асаба. Жасы 50 ден асқан тамаданың сөйлеу мәнері, той жүргізу әдісі әлдеқайда сапалы. Үнемі ізденісте жүретін Уәлибектің әзілдері көбіне үлкендердің көңілінен шығып жатады. Мағыналы қалжыңдарды халық алдына паш етіп жүрген тамаданың бағасы 2-3 мың доллар.