+2 дауыс
715 көрілді
Мектепте еңбек ақымның дұрыс төленбейтініне бұрын Горонооға барып есептетіп еңбек ақымды қайта өндіртіп алғанмын.Соңғы жылдары жалақым тағы азайып кетекен,күмәнім бар. Сол себептен жировкамды кімге,қайда апарып нақтылап есептетсем екен?

1 жауап

0 дауыс

Азаматтық  қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400  қаулысымен   ( бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.

Қаулының 3-тармағы бойынша ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 теңгені құрайды.

Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшада бекітілген.

Білім саласының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақылар Қаулыға 4-қосымшада,  азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай көбейту,  қосымша ақы мен үстемеақылар - 19-қосымшада белгіленген.

Аталған қаулы Министрліктің веб-сайты «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 134-бабы бойынша жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті екенін мәлімет ретінде хабарлаймыз.

Егер Сіздің жағдайыңызда жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасын бұзушылық орын алса, өтінішпен осы салада жоғарғы уәкілетті органға, жергілікті еңбек инспекторларына немесе сотқа шағымдануыңызды ұсынамыз.

Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алуыңыз үшін Сіз атқаратын лауазымыңыздың атауын, мамандығыңыз бойынша жұмыс өтіліңізді, білім дәрежеңізді ( жоғары немесе орта білікті)  көрсетуіңізге болады.

Алтынбекова Ә.А. – Еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы

...