Түсімде базардан 3 қалпақ сатып алыппын?

0 дауыс
2.3k қаралым
Мен түсімде базардан 3 қалпақ сатып алдым үйге келисимен қамыр иледім?
Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс

Әсілінде, көрген түсті кез-келген адамға айта бермейді. Ал, сен болсаң бүйім жұртшылыққа интеренет арқылы жариялап отыр екенсің. Қалпақ дегеніміз бақ, ырыс-несібеғой. Егерде осы түсті бірінші болып кім қалай жорыса дәл сондай болып орындалып кетеді. Бір апамыз түсінде екі емшегін екі  бөлтірік еміп жатыр екен. Оны байқаусызда шәй ішіп отырған жерінде айтып қалған. Қасында отырған қылжақпас жас бала: "о, онда сізді қасқыр жеп қойғалы жатыр екенғой"-деп қалжындапты. Содан ол апамыз ауылдан қалаға бара жатқада трассаға жетем дегенже қасқырлар жеп кеткен екен. Адамдар оның денесін тауып алғанда ішінен егіз баланың шаранасы бар болған. Жанағы түсі екі бөлтірік дегені екі егіз баласы болатыны туралы Алланың берген аяны болғанғой. Ал, қылжақпас баланың кесірінен жанағы түс теріске қарай, шын мағынасында жорылып кетті. Түс ауыспалы мағынада болып келе береді. Түстің 3 түрі бар. шайтани түс, Аяни түс, жай түс. Жай түс дегеніміз -көрген киноларын, естіген сөздерін, т.б. 10 жылғы бұрын естіп-көргендерін араласып, сенің миында қандайда бір сценариймен жүріп өтеді. Шайтани түс дегеніміз-сенің таза жүрмегендігінді пайдаланған шайтандар сені түсін арқылы азғырады. Аяни түс дегеніміз Алланың оның періштелерінің сені алдағы болатын нәрселерінен хабардар етуі. Ол қауіп-қатер, қуанышты жағдай, ұзақ уақыттан бері күтіп жүрген нәрсенінен үміт барын білдіріп жатады. Бұл менің айтқандарым ғылымда зерттелген.  Жауап беруші Қанат Амербеков.

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы