Депрессия - знак перемен. Уақыт емші. Ал Сіз, тек өзіңіздің характеріңізді жөндеуге көшіңіз. Өмірге деген көзқарас өзгеруі керек. Осы кез, нақты мақсат қойып, дисциплинаға көшетін кез. Осы кезден бастау алған мақсат үшін әрекеттер, ендігі бірнеше жылдан кейін өз нәтижесін берер. Сәтсіздікті басқаға сілтеп, ақталмаңыз, ол көмектеспейді. Барынша жағдайда жоғары концентрация мен контрольге алуға тырысыңыз. Адамға деген қатынас, субординация, жауапкершілікті сезіну және оны басқадан талап ете білу. Кез-келген жағдайдан сәтті шығу үшін, жоспар құрып, соны мықтап орындау. Басқа адамдардың сөзіне, қылығына назар аудармаңыз. Ондай адамдар өздері осы әрекетті орындай алмағандықтан, басқаларға да кедергі жасап қалуға тырысады. Осы кедергіні бұзып өткенде, жанағы адамдар өздері қалайша иіліп қалғанына куә болуға болады, немесе олардың қылығына шыдамай беріліп қойса, қатардағы кезекті лузер өмірге келуінің сәті туады, бұндай өкінішті сіт болмасын. Бұл сіздің жасыңыздағы өтпелі кезеңнің сәттерімен осындай жағдай келіп қалыпты. Егер тура осы жағдай 30 жастағы адамда болса, ол баяғыда-ақ сөзбен қорқытпақ болып бопсалап тұрған адамның екі аяғын бір етікке тығып бездіріп жіберетін жағдайда болатын шығар.