0 дауыс
1.2k көрілді
Мен 18 жастамын. Тұрақты табысым жоқ. Кепілдіксіз 36 айға 400000 тг несие, кредит ала аламын ба? Себебі өте қатты ақша керек болып тұр.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ берілмейді. 6 айлық зейнет ақылық жарнаның түсіп отыруы керек және жалақыңыз 70 000 теңгеден жоғары болу керек. Негізі кредит алудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол тартпа балышық сияқты бір кірсеңіз тарта береді, тарта береді...
+1 дауыс
жоқ ала алмайсыз, банкілер ай сайынғы табысты растайтын зейнетақылық аударымдарды сұратады ең кемі 6 ай болуы қажет.
0 дауыс
тұрақты жұмысыңыз болмаса берілмейді.
0 дауыс
Кредитті қайтсесің оны алғаннан соң толеуі бар осы куніңе шүкіршілік айтып жүре берсеңші.
+1 дауыс
Тұрақты жұмысы жоқ адамдарға банктердің несие туралы талаптарына жауап бере алмайды. Сондықтан несие бермейді.

Тұрақты жұмысы жоқ адам несие алу туралы ойдан арылу керек. Бірақ, өкінішке қарай көп адамдар, алаяқтардың көмегіне жүгініп, несие рәсімдеуге тырысады. Алаяқтар көп жағдайда алдап кетіп, өзі табыссыз адам қарызға батады да қалады. Несие алудың орнына табысты басқа жолдармен табуға тырысу керек. Тұрақты жұмысқа тұрыңыз. Егер оны қаламасаңыз немесе мүмкін болмаса, табысты көбейтетін басқа нәрселермен айналысыңыз. Тұрақты табыс болмай тұрып несие аламын деу өте қауіпті.

Ұқсас сұрақтар

...