+1 дауыс
560 көрілді
Мәдениет бөлімінен ауылдық клуб мқкк болып бөлініп шыкты. Қазір әкім аппаратына қарайды. мәдениет бөлімі қатты отын алуға бір мекемемен келісім шартқа отырған. Енді ауылдық клубтар бөлініп кеткен соң ол келісім шарт бұзылуда. Ауылдық клуб сол келісім шартқа отырған мекемемен қайта келісім шартқа отыру қажет пе? мемлекеттік сатып алуға бермей ақ, суммасы 750 мың теңгеге?

2 жауап

+1 дауыс

Біріншіден ол Сіздің жылдық айналым ақшаңызға байланысты, Сіздің Жылдық жоспардағы ақшаңыз 2000 еселенген айлық көрсеткіштен аспаса ешқандай тауарды мемлекеттік сатып алуға бермеуге болады. (ҚР 2007 жылғы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 4 бабы 1 тармағы бойынша) Егер ауылдық клуб болса ол көрсеткіштен аспайды деп ойлаймын:

    4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен 
              мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды 
              регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге 
              асырылатын мемлекеттік сатып алу

      1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 
      1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
 

Бірақ қайта келісім шарт жасайсыз, өз мекемеңіздің атынан, тек қалған ақшаға. Қалған сұрақтар болса, қоя беріңіз, біздің қарауымызда МҚКК дар бар, ертең есепшімен ақылдасып айтармын

0 дауыс
Көп рахмет Сизге, бірак жылдык жоспар 2000 еселенген есептік көрсеткіштен асып кетіп тұр, калай болады екен?
...