+1 дауыс
674 көрілді
Сіз достықты қаншалықты ұзақ сақтай аласыз? Мысалы мен өзім қыз баласы болсам да қыздармен ұзақ достаса алмаймын. Біреулері жігіттерін қызғанып арамыз суып кетсе, біреулерінің бойындағы жаман қасиетін көріп соны түзе деп қанша рет айтқан сон арамыз суып кетеді. Қатесін дұрыстамағаны үшін мен ренжісем, сол қателерді айтқаным үшін маған ренжиді. Кейде қателіктері туралы мүлде айтпай, бес алты рет қайталанса, сол қателіктері үшін ұялмаса көңілім суып кетеді.  Сомен бәрі бұзылады. Содан кейін бақталастық. Соңында менімен жарысып одан төмен қалсам мазақ қылып, озып кетсем үндемей ара қатынасымыз үзіле барады. Тұрақсыз достастық маған психологиялық тұрғыдан қатты әсер етеді. Ешнәрсе өзгермесін білсем де жылап, сағынып қала беремін. Ал ер жігіттерге келсек қыздарға қарағанда олармен достығымыз ұзаққа барады. Екеуіне бірдей қараймын сонда да айырмашылық жер мен көктей. Осыдан кейін мен адал достықтың бар екеніне күмәндана бастадым. Сырымды да ешкімге айта алмаймын. Себебі бір екі рет қыздармен ұрысқанда бетіме басып, жарияға жар салған. Ұрыстан кейін сырдың бәрін жайып салу үлкен қателік деп санаймын. Әр адаммен достығым үзілген сайын ұзақ ойланамын неге бұлай болды? Жауап жоқ!!! Қателік менен де кететін болар, бір Аллаға аян. Мені итеріп тастаған адаммен қайта араласу мен үшін бір азап. Қанша дос болайын десем де, айтқан сөздері, іс әрекеттері кедергі болады. Енді сұрақ: достықты ұзақ сақтау үшін не істеу керек? Сізде де осындай жағдайлар болады ма? Сіз достықты қаншалықты ұзақ сақтайсыз?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің досым жоқ. Адамдармен жай ғана сыйласып араласамын. Сырларымды да ешкімге айтпаймын Адамдар бетіңе күле қарап аяғыңнан шалуға тырысады,сол үшін ешкімге сырыңды айтпа,айтсаңда шыныңды айтпа.
Мен солай ара қатынасты сақтайын десем өздері жақын тартады. Тез сеніп, өкініп қаламын((((
0 дауыс
Мен дос таңдамаймын, бұл пайдасы жоқ нәрсе. Одан көрi базардан бұйымдарды таңдағаным қызық мен үшiн. Дос бұл тағдырдың сыйлығы.
0 дауыс
Тек Мәңгiлiкке..
0 дауыс
Менің ең жақын құрбым бар.Бірақ құрбым екеуіміздің арамызда ешқашанда мұндай жағдайлар болған емес!Мен ажырамас достықтың барына сенемін,арі өзімнің құрбыма имандай сенемін.Алладан екеуіміздің ешқашанда арамыздың ажырап кетпеуін және арамызға от түспеуін тілеймін!Кейбір жаман ойлы адамдар әр кез кедергі жасауға тырысады.Досынды келіп мың түрлі жамандайды,араларыңызды бұзғылары келеді.Бірақ менің ойымша ешқашанда біреудің айтқанына сенбей,анығын досыннан сұрап алған дұрыс.Ең бастысы достардың арасында бір-біріне деген сенім,сыйластық  болу керек деп есептеймін!
0 дауыс
Адал дос бар, арам дос бар, досыңның басына күн туса, сені лақтырып кетеді. Қазір заман бұзылған, адамгершілік азайған. Достық былай тұрсын, шынайы махаббатта жоқ сияқты көрінеді.
0 дауыс
Араласып,кездесіп тұратын достарым көп.Бірақ сырымды бөлісетін жақын досым жоқ.Осы уақытқа дейін ішкі сырымды ешқандай досыма айтып көрмеппін...
...