Қоңыр тобының Нақ-нақ әнінің сөзінің мәтіні керек?

0 дауыс
1.1k қаралым
Қоңыр тобының Нақ-нақ әнінің сөзінің мәтіні керек?
• Санаты: Қазақша ән | 1.1k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Қазақ тілін қорламай, қатесіз жазыңдаршы. Сұрақ қою тәртібі былай тұрсын...

Сөйле десең, сөйлейін, сөз келгенде
Киер көйлек шаруа бөз келгенде!
Тамаша-ау! Денің сау ма, құдаша-ау!
Айт дегенде несіне бәлсінейін,
Жалқы биік жақсыға кез келгенде!
Ызғар-ау, денің сау ма қыздар-ау!

Қайырмасы:

Тобылғының түбінен
Қазық алдым, сылқ-сылқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым, былқ-былқ!
Қасың қара, қыз өңкей,
Ақ тамақ қыз бір өңкей!
Әбау қыздар, әбау-бақ,
Тырна маттай, туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ!
Ішім-ай! Дертім-ай, қыздар-ай, қырғын-ай!
Қыр басында қыз ойнақ, күндіз мәжіліс, түнде ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ!
Айта бар, қайта бар, қыздарға сәлем айта бар!
Әндір аққу есіңе сал, ескеріп қал!
Кел екеуміз, домбыра, қосылайық!
Айқай салып, ән тартып, жосылайық!
Бекер қарап, бекерге отырғанша,
Бозбалаға болмай ма осы лайық!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
12.04.2015 • Санаты: Қазақша ән Bake91.11 сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,815 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы