0 дауыс
5.3k көрілді
Несие алуға тиімді банк қандай. Пайызы ең төмен банк қай банк. Еуразия банк 9 пайыз ең төмен дейді сол распа. Және де пайызды қалай есептейді. Мысалы 15 пайыз өсім болса 300 мың алдық дейік жылға есептейма әлде айға ма өсім.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең төмен пайызды банк- Халық банк деп айтады. Негізі өзіңіз барлық банктерге электронды түрде сұраныс жасауп көрсеңіз болады. Сізге менеджерлер электронды түрде немесе телефоныңызға қоңырау шалып сұрағыңызға жауап береді....
0 дауыс
Банк нақты пайызын айта қоймайды..

Сіздің жағдайыңызда 300мың 15% = 45мың жалпы 345000 / 12ай = 28750 Айына. Нақты жауапты банк қызметкерлері береді.
0 дауыс
Несиенің тиімдісі жоқ дейді )
0 дауыс
банк туралы білмеймін, бірақ соңында берілген есепті шығардым. 15 пайыздық өсім болса 45000 қосып төлейсіз. Заттай алатын болсаңыз Каспий тиімді болу керек. бірақ ақшалайда ұтыласыз
+1 дауыс
Nurken911, сіздің жағдайда былай істеуге болады. Рейтингі жоғары ең үздік 10 банкті алыңыз. Қазақстандағы банктердің тізімін мына жерден таба аласыз: http://www.afn.kz/?docid=461&switch=kazakh

Банктердің сайттарына кіріңіз. Жеке тұлғаларға-несие деген бөлімі болады. Сол жерге кіресіз. Несиенің қандай түрлері барын қарайсыз. Сол жерде пайыздары туралы ақпарат болуы керек. Ақпарат болмаса немесе түсінбесеңіз, банктердің сайттарында клиенттер үшін телефон нөмірлері бар. Көпшілігіне қоңырау шалу тегін. Сол нөмірлерге қоңырау шаласыз. Асықпай, уақыт кетті демей барлық сұрақтарыңызды қоясыз. Бірақ алдымен несие не мақсатқа керек, анықтап алыңыз. Егер тауар алғыңыз келсе, дұрысы тауарлық несиені дүкендерден рәсімдеу. Қолма-қол ақша керек болса, онда қанша көлемде, қанша айға керек? Осыларды менеджерге түсіндіру керексіз. Егер телефонмен түсінбесеңіз, банктердің бөлімшелеріне барып, менеджерден кеңес алу керек. Алған ақпаратыңызды түгел жазып алып отырыңыз. Сосын үйде отырып салыстырып, өзіңізге қажеттінесиені таңдайсыз.

Ұқсас сұрақтар

...