+3 дауыс
843 көрілді
Құрметті достар сұрақ-жауап сайтының қолданушылары сіздерді Құрбан-айт мерекесімен құттықтаймын!



Шын ниетпен берсе АЛЛАҺ жолына,
Сол жанға АЛЛА береді екен соңында.
Құрбан айтқа шалып жатқан құрбандық,
Қабыл болсын мейірімді АЛЛА жолында.

Құрбандықпен қаланады несібең,
Несібеңнің өзгелерден несі кем.
Қабыл болсын ниетің мен тілегің,
Жақсы ісің кетпес АЛЛАҺ есінен.

Құрбан беру- жию АЛЛА мейірін,
Өзің үшін азық болар жиылым.
Жоқ-жітікке сауап болар іс істеп,
Тәубе етер Жаратқанға тиылым.

АЛЛА бізді адам етіп жаратты,
Ұрпақ беріп кең дүниеге таратты.
Орындайық Жаратқанның жарлығын,
Құрбан беріп, алып 1000 сан сауапты.

Жағдайың болса құрбан бер,
Өмірің өлшеп тұрған көл.
Көпірден алып өтеді,
Құрбанға арнап бергендер.

Құрбан айт- сауап істің бастауы,
Мұсылманның иман жияр астауы.
Жоқ-жітіктен сауап алып алғысты,
Өзгелерге өнеге-үлгі тастауы.

Құрбан шалып жолына АЛЛА мұсылман,
Жоқ жандарға көмек қолын ұсынған.
Сауап алып, екі өмірге нұр алып,
Иман бекіп, тазарынып ғұсылдан.

Береке-бірлік мол болсын,
Жүрсең де қайда жол болсын.
Қабыл болып құрбандық,
Денсаулығың зор болсын!

АЛЛАҺ берген несібені Хақ жолында шашуға,
Асып-таспай тәубемен дем басуға
Құрбан айттай мейрам соның дәлелі,
Дәулеті артсын, жетсін сауап асуға.

Кеңшіліктен еш кемшілік көрмейсің,
Құрбандықпен жүректерді емдейсің.
Сауап жиып ана өмірде дем берер,
Жамандықты жерге көміп жерлейсің.

Артсын дәулет, несібең,
Балаң өссін есі кең.
Құрбандық берген пендені,
АЛЛА айтқан кешірем.

Айт намазға асық, момын мұсылман,

Тән тазарсын шын ниетті ғұсылдан.

Ниетің мен амалдарың тең келіп,

Періште ерсін қорғайтұғын тұсыңнан.

Құрбан шалып АЛЛА нұрын тілейік,

Не болса да шүкірлікпен күлейік.

Ең  жақсыны жолына АЛЛА сарп етіп,

Күнәлардың шешіп тонын, түлейік.

Біздер солай бақытты өмір сүрейік!

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әумин! Рахмет! Бірге болсын!
+2 дауыс
Рахмет бiрге болсын!
Әйтеуір бүгін ғой я?
0 дауыс
Құрбандық шалу кімдерге уәжіп? 1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы; Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Құрбандық шалудың негізгі мәні мен маңызы Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі. Құрбан шалу – ұлы ғибадат. Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады. Құрбан шалудың қоғамдық пайдалары да мол. Құрбан шалу – құл екендігіміздің, дінге бекемдіктің белгісі. Құрбан шалу – Аллаһты еске алу әрі шүкір ету. Құрбан шалу – Аллаһтың жомарттығына құлдардың да қайтарым жасауы. Құрбан шалу – Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді. Құрбан шалу бәле-жалаларды аластатады. Құрбан шалу Аллаһты ұлықтауды әрі мұсылмандарың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді. Құрбан шалған адам өзінің діни міндетін орындаған болып табылады. Құрбан шалу мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді. Құрбан шалу – күнәлардың кешіріміне себеп. Құрбан шалу – баршаға әсіресе кедейлерге жасалған жанашырлық. Құрбан шалу бай мен кедейдің арасын жақындастырады. Құрбан шалу – қоғамдағы татулық пен ынтымақтың ұйытқысы. Құрбан шалу – мұсылмандардың бір-біріне қол ұшын созып тұруының, бауырмашылдығының белгісі. Құрбан шалу қоғамды игілікке, ізгілікке бастайды. Құрбан шалу кедейлердің қабағын ашады, тағдырға өкпе артқызбайды. Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа бастайды. Құрбан шалу мал шаруашылығына көңіл бөлдіреді.
0 дауыс
Әлхамдулилләх. Шалынған құрбандықтар қабыл болсын !! Әумин
Әумин   .
0 дауыс
Бірге болсын!Осындай құттықтап жатқандарыңа, рахмет. Әрқашан ойға алған істерің орындала берсін.
Әумин          .
0 дауыс
Әумин! Рахмет!Құрбан айт қабыл болсын!
0 дауыс
Әумин! Қабыл болсын!
Әумин!!!
0 дауыс
бирге болсын))))
Я бірге болсын
...