ондай мектеп оқушыларына жат қылықтар барлық жерде бар! ешқайда қашып кете алмайсың, бір жаманы. мектепте ғана емес, колледж, универлерде де кездесіп жатады. бастан өткен оқиғаны айтып берейін...біздің сыныптың қыздары басқа мектептің қыздарымен бір қақтығысып қалып, олар біздің қыздардан қомақты қаражат талап етіпті. содан кейін рамсқа шақырған (жалпақ тілмен айтқанда төбелес). Қыздар барса, екінші мектептің атынан келгендердің көбісі жетім үйінен шыққан, тентек, бұзық қыздардан, тіпті ЖОО-да оқитындардан құралған екен. қолдарында суық қаруға дейін болған. Біздің қыздар қалай екенін білмеймін, айтеуір, құтылып кетіпті сол мезетте. келесі күні бұл мектепке жетті. Одан әрі акимат, ауданға таралып кетті. өте қатты шу болды былтыр. осы ақша жинау мәселесі бойынша. Жанағы қоқанлоқы (шантаж) көрсеткен қыздарды тіркеуге алды. қазір қатаң бақылауда. мен ойлаймын, бұл істің мектепте қаралғаны өте дұрыс болды. қазір барлығы өз шешімін тапты. Қыздарымыз аман-сау.
сондықтан, айтарым...қазірден бастап барлығының басын ашып алғаның жөн. дереу ұстаздарыңа жеткіз. олар өз қолдарына алса бәрі дұрыс болады. себебі, өзіңнің ар-намысыңды таптатпауың қажет қыз бала болғаннан кейін.