Евразиялық экономикалық одақтың құрылуы уақыт талабы. Европа мемлекеттері, Латын Америкасы мемлекеттері, араб мемлекеттері ортақ одақтар құрғаны сол үшін. Әр ел бірлестік арқылы өз экономикасын қорғайды. Себебі, Қытай, Индия мемлекеттерінде әлемдегі халықтың үштен бірі тұрады және экономикалары да күшейіп бара жатыр.
Екіншіден, Janar996 дұрыс айтады, Қазақстанның сыртқы қарыздары өте көп. Оларды қайтару үшін экономикамызды тек өз бетімізше дамыта алмаймыз. Бізде жер көп болғанымен, халық аз. Қазба байлықтарымызды да басқа мемлекеттер керегінше ғана импорттайды.
Үшіншіден, одаққа қосылып, ортақ валюта, ортақ армия, ортақ шекара енгізсек, Қазақстанның сыртқы және ішкі қауіпсіздігі күшейеді. Қазір бүкіл дүние жүзі "Ислам мемлекеті" сияқты экстремистік қозғалыстардан, террористік ұйымдардан бірлесе қорғанады. "Ислам қозғалысы" әскері қазір Багдат қаласынан бірнеше киломеир жерде тұр. Олар Иракты лезде жаулап алуға қауқары жетеді.
"Бөлінгенді бөрі жейді" деп дана халқымыз бекер айтпаған.