Әкешім — асқар тауым
Құрметтi, әкелер, Сiздердiң назарларыңызға!
«Ана — сая болар бағың болса,
Әке — асқар тауың» дейдi қазақта.
Бiр күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бiр күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлi ол шаңырақ сәттi болсын, сәтсiз болсын,
«Әке» деген сезiмдi ұмытар кiм, — дейдi бiздiң халқымыз.
Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.
Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi.
Ер адамдардың көбi ұл баланың туғанын асыға күтедi. Бұл түсiнiктi жағдай: ұлды өзiнiң жалғасы ретiнде көредi, ұлға дәулетi болмаса да (бiрақ кейбiр кезде дәулет туралы да сөз болады), өзiнiң өнерiн, шеберлiгiн, бiлiмiн мирас етiп тастап кетем деп үмiттенедi.
Әке мен ұл баланың арасындағы қарым-қатынас
Нағыз ер жiгiт –өзiн-өзi ұстай алатын салмақты, қарсыласына тойтарыс бере алатын ержүрек, әрқашан әлсiздерге көмектесiп, әдiлдiктi жақтайтын адам.
Дәл әкенiң өзi ұл баланың бойына ерте жасынан бастап осы қасиеттердi қалыптастыруы тиiс. 3-4 жасынан бастап-ақ жасаған қылықтары үшiн жауап беруге, «Еркелеме, нағыз ер жiгiн олай iстемейдi, сен сабырлы болуың керек» деген сияқты өзiн-өзi қадағалау дағдыларына баулу керек. Бала қиыншылықтарға шыдамды, оларға қарсы тұра алатын, қажет болған жағдайда ауыруға төзiмдi болуы тиiс. Осылайша болашақ ер азаматтың негiзгi қасиеттерi қалыптасады.
Ең маңызды сәт: нағыз ер жiгiттi тәрбиелеу өзiңiз көрсеткен үлгi арқылы ғана тиiмдi болуы мүмкiн. Әкесi баласын тек қана шындықты айтуға үйретедi, ал өзi телефонмен сөйлескенде баланың шешесiн «Менi үйде жоқ деп айтшы», — деп сұрайды. Әкесi баласын сабырлы, шыдамды болу керек деп үйретедi де, өзi баланың шешесiне қатты ұрсуы мүмкiн бе? Сондықтан бала сөздердi есiне сақтамайды, өнеге көрсеткен үлгiнi есте сақтайды, және де өмiр бойы жадында сақтайды. Бұл дегенiмiз: ең бiрiншi өзiңiз өзгерiп, жауапкершiлiктiң маңыздылығын қабылдап жетiлiп отыру керек.
Әке — үлгi тұтар өнеге.
Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл, әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз.
Құлпырып өсiп келе жатқан жас ұрпаққа әкесiне деген шексiз махаббат қана емес, одан басқа жетелейтiн шексiз құрмет, сыйластық болған өте маңызды. Әкесiнiң жүзу, мылтықпен ату, отын жару бiлуi. Жалақысының жеткiлiктiлiгi. Сабырлық сақтау қабiлетi. Осылардың бәрiн есте сақтап, бала өсе келе әкесiнiң соңынан тәртiбiн ғана емес, сонымен қатар киiм киюiн, түр-сипатын, жүрiс-тұрысын бәрiн қайталайды. Егер осыны байқасаңыз — мақтана аласыз, Сiздi балаңыз жақсы көредi әрi өте қатты сыйлайды, мақтан тұтады.
Әкенiң қаталдығы, талаптылығы шектелген болуы тиiс. Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын нақты бiлуi тиiс. Мынадай бiр эксперимент өткiзiлген екен: ұлдардың үлкен бiр тобы психологтармен екi лагерге бөлiнген екен — бiреуiнде әкелерiмен әрқашан қиыншылықтары, табыстары туралы бөлiсетiндер жиналыпты, ал екiншiсiнде — бөлiскiсi келмейтiндер немесе бөлiсуге қорқатындар жиналыпты. Психологтар таң қалыпты — бiрiншi лагердегi балалар «еркек» типi бойынша, ал екiншi лагердегi балалар «әйелдер» типi бойынша дамып келе жатқан екен.
Ұрпақ тәрбиелеу мәселесi о заманда да билердiң көңiлiнен тыс қалып қоймаған. Бөлтiрiк шешеннiң:
«Алдындағы ағаның етегiн баспа, жолын қу,
Артыңдағы iнiңнiң бетiн қақпа, белiн бу» деген, ел iшiнде мақал болып кеткен сөз тiркесiнiң қаншалықты терең тәрбиелiк мәнi бар.