m.virus2013 дұрыс айтады. Жарнамалап көп жағдайда орынсыз мақтай береді. Ондай дәрілер көп жағдайда бір керемет әсер беріп адам ауруынан құлан таза айығып кетеді дегенге сене берудің қажеті жоқ. Кез келген дәріні ,тіпті "биологиялық белсенді қоспалардың" өзін алдын ала дәрігермен кеңесіп алып пайдаланған жөн.Себебі рынокқа тезірек шығару үшін , көптеген дәрілерді биологиялық қоспа түрінде тіркеп,лицензия алу оңайырақ болып тұр.Ал дәрі ретінде тіркеу көп құжатар жинау,және қаржы жағынан қомақты ақша,бұған қоса екі- үш жыл уақыт қажет ететін машақаты көп шаруа.Жалпы дені сау дұрыс тамақтанып жүрген жас адамға бұндай дәрілер ішудің қажеті шамалы. Спортпен шұғылданатын адамдарда (кәсіби спортпен шұғылданатындарда заталмасу процессі қарқынды болады, кальций тер арқылы көп бөлінеді), аяғы ауыр келіншектерде 20-аптадан асқан жүктілік кезінде (босанған кеиінгі кальций жетіспеушіліктің әсерінен жас аналардың тісінің түсіп ,баласында рахит ауыру пайда болуы мүмкін), егде жастағы әйел адамдарда эстроген гормонының жетіспеушіліген ,жас сәбилерде (бесіктегі баланың шүйде тұсындағы шашатарының жұқаруы, бас сүйегінің қисаюы,еңбегінің қатпауы,тістерінің уақытынан кеш шығуы рахит ауырыуынң алғашқы белгілері болып есептеледі) кальцийге деген тапшылық болады. Оның орнын толтыру үшін құрамында кальциимен қоса Д-3 дәрумені бар дәрі тағайындалады. Кальций,Д- дәрумен құрамды дәрілер ұзақ пайдалануды қажет етеді, сондықтан бүйрек,несеп жолдарына құм тас байлану және Д- дәруменімен улану (майда еритін дәрумендердің адам ағзасында шамадан тыс көп жиналса гипервитаминоз болып, кері әсер береді) қаупі бар.Бұндай жағдай болмас үшін соңғы кезде құрамында кальций цитраты бар және Д-3 дәрумені аздап қосылған- 50МЕ , осы Д-3 дәруменінің қызметін атқаратын бор, цинк,марганец сияқты минералдар қосылған препарат түрлері шығарыла бастады.Кальций цитраттың кальцидың басқа тұздарынан аыйрмашылығы, асқазанда РН кышқыл болсын, нейтрал болсын сіңе береді,және құм- тас болып шөкпейді ,сіңбегені бүйрек арқылы ағзадан оңай шығады.Кальций жетіспеушіліктің алғашқы белгілері ересек адамдарда шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы,тісте қызыл иек қанау,кариес пайда болу. суйектің сырқырап ауруы, балтырдағы бұлшық етің тартылуы т.б.
Дұрыс тамақтанған адамда осындай жағдайлар байқалса,бірінші эндокринологқа барып қалқанша бездің астындағы қосбездердің ( паращитовидная железа) қызметін тексерткен дұрыс. Себеді осы без бөлетін паратгормон суйектен кальцийді қанға шығарады,ары қарай бүйрек арқылы сыртқа шығады.Бұны медицинада кальциурия дейді. Кальций жетіспеушілік бауыр және бүйрек ауруларында да жиі болады.Себебі Д -2 дәрумені осы ағзаларда белсенді Д-3 ке айналады.Полиартрит ауруларында колагенез ауруларында көбіне глюкокортикостеройдтар қабылдайды Бұл гормондар да сүйектегі кальцийдің азаюына әкеледі.Сондықтан ағайындар, "анау дәрі тамаша" деген жарнамаларға сене бермей,дәрігердің,тым болмаса провизор фармацевттен кеңес сұрап пайдаланған дұрыс.