Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас! мағынасы

+1 дауыс
13.9k қаралым
Мақал:

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас! Мағынасы не? және ЖАЛ дегенді қалай түсінуге болады.

Бір жауабым бар, ол Қалтасы толып немесе билікке отырып адам танымай кететіндер дегенді естідім.
• Санаты: Қазақ тілі

5 жауап

0 дауыс
Жал-жылқының мойынының арқты жағында(желкесінде)өсетін шашы.ал мағынасын өзіңіз дұрыс жазып отырсыз.
Жал деп жылқының желкесіндегі майлы жерін де айтады, бұл жерде семірген деген мағынада (қатеңді дұрыстау емес, жай біліп жүрсін деген оймен жазып жатқаным)
сосын жылқының шашы демейді қылы дейді қазақта
қылы екенін білемін.түсінікті тілмен түсіндіріп жатқаным
0 дауыс
Өзіңіз біліп отсызғо. Мағынасы осындай.
+1 дауыс
Мағынасы әрі жалғасы(өзім шығардым): Жаман адамға мал бітсе, жанына досын жолатпас.
+1 дауыс
өзіңіз жазып отқан жауабыңыз дұрым қой! Егер бір адам билік басына отырса ол адам танымай өткен күндерін ұмытып кетеді,жанына торсық байлатпас дегеніміз билік басындагы адам ешкімге көмек бергісі келмейді! бәрі емес әрине кейбірі!
+1 дауыс
Жалғасы: Жаман итке құйрық бітсе, мойнына қарғыбау таққызбас.
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы