+5 дауыс
731 көрілді

Осыдан бір жыл бұрын өзімше Маңғыстаулықтарды жинамақшы болғанмын. Онымнан дым шықпапты. Жиналмадық. Енді қазір Астанаға көшіп кеттім. Жақында сайтға 4 жыл болады екен. Осыған орай Астаналық қолданушылар болып жиналайық деген ұсынысым бар. Дүркіретіп тойламасақ та, Керуенге барып КФС жеп, қауқылдасып әңгімелесіп, танысып қайуға қарсы болмасаңыздар, маған хабарласыңыздар. Мені танымайтындарға, есімім Абылай. Руым Адай, оның ішінде Жары, Жетімек, Ырсалы... деп кете береді ғой енді. Жасым жиырма үшке толды алдында. Бойдақпын :) Осы сайтта сүйретіліп жүргеніме үш жылдан асыпты. Модератор деген атағыма сын болмасын деп, туған күнді атап өтпекшіміз ) Қазіргі қолданушыларды танымаймын, бұрыннан келе жатқандарды танып қалуым мүмкін ))) Мөлдір, Жаңылай, Заманбек, тағы кім бар еді Астанада?

Жауаптарыңызды күтемін!

Астанада күн суық па? :)
аха қақаған күз
2- жылдай болып қалды сжда жүргеніме,  ұйымдастыруға болады.(бұрыңғы аккаунтымды есептегенде) КФС-дан басқа ұсыныстарыңыз жоқ па?Әркім айтып шықсың . .

10 жауап

0 дауыс
Шамасы Астанада ешкім тұрмайтын болды ғо.
күтейік, ертең жазып қалар
0 дауыс
күн суық болса, оңтүстікке жасаңдар, күн жылы. әрі өзімізде қатысып қалармыз
0 дауыс
Енді естіп жатырмыз, амиго. Барып тұрмыз ғой. :)
0 дауыс
Нөмірің өшірулі ғоо братт, алдында КВНнен де таба алмай қалдым сені?
+2 дауыс
Абылай сәттілік. Әттең Астанаға бір жолым түспей жүр. Қуана-қуана қатысатын едім бұл жиынға. Бірақ бүгін яғни Қазан айының 1-і күні Шымкент қаласына шығып барамын. Ол жақта Қазан айының 7-не дейін боламын. 8-зі күні Алматы қаласына оралып 9-зы күні Ақтау қаласына шығып кетуім мүкмін. Егер Ақтау қаласына баратын болсам 10-11-і Ақтау қаласында боламын. Алматыға тек 12-сі күні ораламын. Ақтау әзірге белгісіз, алдағы 2-3 күнде нақты белгілі болады.

Енді Шымкент қаласында 6-сы күні кешке жұмыстан шыққан соң шағын болса да кездесу ұйымдастырып, шайға шақыратын боламын.  Бұл кездесуге Раушанбек, Сержан, Рауан, Берікбол, Рысбек, Жәнібек, Нұршат, Айгерім, Ербол ағасы т.б. қолданушылар келетін шығар деген ойдамын. Шай ішіп отырып, кездесіп жүздерін бір көріп қалатын.

Алматы қаласында кездесуді 12-ші қазан күні ойластырп сол 1-2 күннің ішінде бір жерге жиналып көретін боламыз.

Астаналық жігіттерге сәттілік. Абылай, Нұржол екеуің жақсылап барлық қолданушыларды шақырып, бір шағын болса да үлкендей кездесу ұйымдастырады деген үміттемін.

Жиынға Көкбөрі, Казтрк-ның қыздарын, Абзал, Еркеқыз т.б. Астаналық достарымды ертіп келіп қызықты отырыс қыласыңдар деген ойдамын. Сол шарадан осында жазбалар күтеміз. Рахмет. :)
0 дауыс
Ассалаумағалейкум баршаға! Астанадан тағы мен бар :) Жиналайық!
0 дауыс
Ербол, бармыз Астанада, бармыз ))
0 дауыс
Жиналу қай күні болады? Астанадамыз ғой барамыз
0 дауыс
Достар, сенбі күні кешкі сағат 19:00-де Керуенде жиналайық. Хауарласыңдар!
Абылай телефоның! :)
0 дауыс
Абылай телефоныңды жекеге жібересінбе? Сендерді таппай қалсам Хабарласам!
...