+1 дауыс
21.5k көрілді
Аспандағы жұлдыдарға қарасаңыз бір кезде жылт етіп қас-қағымда ағаып ғайып болады. бұның сыры не де? қандай қүш әсер етеді?

4 жауап

+2 дауыс
Ол жерге құлаған ғарыш денелері.. жер атмосферасында жанған сәті бізге аққандай көрінеді.
+2 дауыс
Жұлдыздар ешқашанда ақпайды, бізге аққан жұлдыз болып көрінетін метероиттар (яғни космоста бағытсыз ұшып жүретін ұсақ денелер) олар жерге құлағанда жер атмосферасының әсерінен жанып жоқ болып кетеді (оның жанып құлауы бізге жұлдыз аққандай әсер қалдырады)
0 дауыс
Ақпа жұлдыз әлемі

Ақпа жұлдыздар туралы ел арасындағы әңгімелерге назар салсаңыз, әр түрлі аңыз-әңгімелер мен ұқсамаған адамдар аузынан түрлі-түрлі ұқсамаған көзқарасты естисіз. Қазақ нанымында аққан жұлдызды адам өмірімен байланыстырып та түсіндіреді. «Жұлдызың жоғары болсын», «Жұлдызың жансын» деп жатады. Бұлтсыз кештерде далада тұрып аспанға көз салсаңыз, көктен жарқыраған із қалдырып, бір шоқ жарық сәуленің ағып бара жатқанын көресіз. Кейде бұл жарық сызықтың бас жағы ұшқын шашады, тіпті дауысы да естіліп қалып жатады. Кейде ақпа жұлдыздар жер бетіне де түсіп жатады. Ол түскен жерден ып-ыстық тас, темір кесектерін тауып алуыңыз да ғажап емес. Аспаннан түскен осы жұлдызды метеорит деп атайды. Ал аспан жақта жарық із қалдырып өте шығатын, бірақ жерге түспейтіндерін метеорлар (ақпа жұлдыздар) деп атайды екен.

Жұлдыздың ағуы үнемі ұшырайтын табиғат құбылысы. Ал метеорит көп кездесе бермейді. Анығында, ақпа жұлдыз бен метеорит мәні жағынан ұқсас, бәрі де күн жүйесіндегі үлкенді-кішілі тас кесектері, әрі олар түрлі орбитада айналып жүреді. Кейде Жер шарына кездеседі де, жердің атмосфера қабатына еніп кетеді. Олар секундына жүздеген шақырымдық жылдамдықпен аса тез қозғалатындықтан, жердің атмосферасында үйкелістен қатты қызып жанып кетеді де, найзағай оты сияқты жарқырап барып, жоқ болады. Метеорлардың көпшілігі солай ауада жанып таусылады. Сондықтан жер бетіне түсу құбылысы аз кездеседі. Жердің атмосфера қабатына енген метеорлар өте үлкен болып, атмосферада жанып бітпей қалса, онда сол жанып таусылмаған бөлігі Адамзат мекеніне «қонақ» болып түседі. Оны басында айтып кеткеніміздей метеорит деп атайды.
0 дауыс
Жұлдыздар ақпайды. Бірақ бізге ағып бара жатқандай көрінеді.

Ұқсас сұрақтар

...