0 дауыс
450 көрілді
Еліміздегі тілдік ортаны қалыптастырудағы ой пікіріңіз қандай?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тілдік орта – тілдің тірлік алаңы. Тілдің тірлігі оның қолдану ортасының бар екендігіне тікелей қатысты. Қатынас ортасы жойылған тіл өзінен өзі өшкен тілге айналады. 2000 жылдай өліге саналған лингвистикалық иврит жүйесі қалай қалпына келтірілді? Бар болғаны - оның тілдік ортасы қайтадан жандандырылды! Осылайша кез келген тілді өлтіруге де, тірілтуге де болады. Тілдік орта - тілдің қолданым аясы; қолданымы жойылған тіл өшкен болып есептеледі. Тілдік ортаның тұтынушылары: жазарман, оқырман, көрермен, тыңдарман, айтарман. Ал, ортаға тілдегі бүкіл жазба ресурс, кітапхана, электрондық кеңіс; оларды қолданушылар,телевидение, радио, алуан түрлі дәрісхана, аурухана, көше, қоғамдық орындар, ойын алаңы, мектеп, балабақша, жанұя, ұжым, мәдениет орындары, базар т.т.жатқызуға болады.

Бүгінгі мемлекеттік шекара бұрынғыша географиялық қоршаудан гөрі тілдік ортамен шектелетіні жасырын емес. Бүгінде әр мемлекеттің тілдік ортасы – соның аумағын білдіретін факторға айналды.   Егер де мемлекетке тән тілдік орта болса, оның ықпалы саяси шекарадан гөрі мол болатыны сөзсіз. Біз сол шекараны сезіне алмай отырмыз.

Тілдік орта – тілдің қызмет ету аясы мен мүмкіндігіне жол ашатын, адамдардың ақпарат алу мен беру, қарым-қатынас жасаудағы әмбебап жанды алаң.Оған дамуына көңіл бөлмеу арқылы тілдің аясын тарылтып, оның өшуіне жағдай жасайды. Бізде тілді туындататын да, өлтіретін де, үйрететін де орта екені ескерілмей отыр. Елде тілдік пәндер арқылы ғана тіл үйрету міндеті қойылған біржақты ұғым қалыптасқан. Пән ешқашан ортаны алмастыра алмайды, ол бар болғаны тіл туралы түсінік пен сауат қалыптастыруы мүмкін,тілдік жүйені таныстырып,игертуі ықтимал, бірақ тілді меңгерте алмайды!

Тілдік ортаның қаншалықты дамығандығы тіл қауқарын көрсететін басты фактор, ол оның кеңдігі мен тереңдігі арқылы өлшенеді және тілдің дамығандығы да сол өлшемдерге тікелей қатысты. Былай айтқанда, ортаның кеңдігі - тіл қолданымының саны да, ал тереңдігі – тіл қолданымының сапасы.

Мұрат Абенов

...