0 дауыс
454 көрілді
достар алдағы жұмаға дейін бір адамға өз қолымнан жасалған сыйлық беруім керек. солай келісілген. мен не істесем болады, ой тастаңдаршы.  оған ұнау керек. жігітке!!! сатып алынған, заказбен істелінген зат болмауы керек екен. миыма ешнәрсе келер емес. ойыма бірінші боп түскені осы сайт. көмектесіңдерші. әйтпесе ұтыламын!!!!

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Күнтізбе(календарь) жасаңыз...жігітіңіз болса...бірге түскен сүретіңіз көп болса,календарь жасайтын түрлі фотошоп онлайн сайттар бар соларға сүреттеріңізді қойып,фотостудияға барып шығартып алыңыз.Бәрін әдемілеп сәндеп,сыйға тартуға болады.
2. Қыс мезгілі таяп қалды.Өз қолыңызбен 3күннің ішінде  шарф тоқуға болады.Ұнататын түсінен иірілген жіп алып.
3.Қандай өнеріңіз бар.Мысалы:өлең жазу,керемет бір ән шырқау, соларды көрсетуге болады.
4.Ол сізге тартқан сақина,алқа сыйлығындай сыйлық алып есімін зергерге барып жаздыртуға болады
1,2-ойыңыз керемет үлкен рахмет. ия жігітім ғой. өлең жазатынмын, бірақ қызық болмай қалады. 4-сыйлықты істеп қойғанбыз, екеуіміздің де жүзігіміздің ішінде бір-біріміздің аттарымыз жазулы. фотошоп жасайтын онлайн сайттардың мекен-жайын жазып жібермес пе екенсіз. тағы да рахмет!!!
http://effectfree.ru/
http://www.picjoke.net/
2012жылға күнтізбе жасап әдемі сөздер жассаңыз болады.Мысалы:2012жылыда басқа жылдары да жұбымыз жазылмасын....ИНШАЛЛА солай болғай...Сәттілік
+2 дауыс
Кестелі беторамал,шетіне жігіттің атын жазып... , керемет силық болар еді!
ия өте тамаша әкемде сондай бет орамал бар кезінде  анам сыйлаған..Әлі сақтаулы...
сенсеңіздер бұрын ол жігіттің беторамалын жуып бермек боп үйге әкеттім. кейін орамалдың бұрышына жүректі тоқып ішіне Е - А деп жазып бергем. оныкі жоғалып капты (досының қолы қанағанда соған таңып берген екен), ал менікі алі сақтаулы.
+2 дауыс
Сен қыз баласың ғо бірақ қолыңнан келе ма келмей ма өз ойымды айта кетейін.
1. Тілек жазып кружкаға суретін салғызсаң болады.
2. Альбом жасауға болады қолдан ең жақсы сыйлық осы алғашқы беті ағаш болады.
3. Тоқыма бұйымдары шарф тоқысаң есімін жазып тоқы қолыңнан келсе.
4. Календарьды суретімен үлкен қылып А3 фарматта немесе переплет жасауға болады бұлар негізі қарапайым сондықтан аздап таң қалдыратын элемент қосу керек.
5. Қыз бала үшін оңай болар кесте тоқу, бет орамалға ою салып тағы бірдеңелер жаз.
0 дауыс
Өз қолыннан келе ма, келмей ма білмеймін. Саған еңбектену керек сияқты:
Өз ойыңыз арқылы кітап жазыңыз. Ішінде әңгіме, өлең және т.б. материалдар болса жақсы болар еді. Бірақ әңгіме шығару оңай, өлең жазу қиын болады. Кітап жазған жақсы ғой. Сен үшін оңай нәрсе Кітап жазу.
бір-ақ күн қалды ғой. ниетіңізге рахмет. бірақ мен үлгермеймін.
0 дауыс
достар белгіленген күн өте қызықты өтті. мен торт істедім. сүретін жүктей алмай отырмын. Е (h) А деп жаздым. ал ол түнде үйге келіп төменде свичадан жүрек істеп балкондағы маған сүйетінін айтты. бәрібір ол жеңді. мұндай нәрсені мен ойламағамда
ол түнде үйге келіп төменде свичадан жүрек істеп балкондағы маған сүйетінін айтты(clap)
ФАНТАСТИК керемет..әрдайым осылай бір біріңізді қуантып жүре беріңіздер.Тек бақыт тілеймін
Свечидиң бәрін өзі әкеліп,жағып,жұрттың көзінен,сөзінен ұяламаса батыл екен!
рахмет, мен саған да бақыт тілеймін. :)
...