Creative Commons Сіз үшін не істей алады?

0 дауыс
243 қаралым
Creative Commons Сіз үшін не істей алады?
Интернет, Сайт

1 жауап

0 дауыс

Егер Сіз өз шығармашылығыңыздың жемісін өзгелердің пайдалануына қарсы болмай, оны ортаға салуға, тіпті соның негізінде жаңа туындылардың жасалуына қарсы болмасаңыз, ондай еңбектеріңізді Creative Commons негізінде жариялағаныңыз абзал.CCөте қолайлы шарттар (мысалы,шығарманы тек коммерциялық емес мақсатта ғана пайдалануға рұқсат беруіңізге болады) ұсына отырып, Сіздің еңбегіңізді пайдаланушы адамдарды да қорғайды. Сондықтан да өзгелер сіздің шарттарыңызды орындаған жағдайда, авторлық құқықтың сақталуы туралы алаңдамауға болады.

1 қадам: Шарттарды таңдау

Creative Commonsлицензияларын пайдалану оңай. Біріншіден, өзіңіздің қолданғыңыз келетін шартарды таңдайсыз.

Attribution – «автордың көрсетілуі міндетті»лицензия.Мұнымен Сізадамдарға өз шығармаңызды көшіруге, таратуға, орындауғажәнеөңдеугерұқсат бересіз, бірақ шығармаавторының көрсетулуін талап етесіз. Егер олартуындыларыңызды Сіздің авторлығыңызды  көрсетпей пайдаланғысы келсе, Сізден рұқсаталуға міндетті болады.
Noncommercial – «коммерциялық емес» лицензия. Сіз басқаларғаөз шығармаңызды кез келгенкоммерциялық емесмақсатта,оның ішіндекөшіруге, таратуға, орындауға, өзгерістер енгізуге және тағы басқалай пайдалануға рұқсат етесіз.

ShareAlike – «бастапқы шарттардың сақталуы тиіс» лицензия (Копилефт). Өзгелер Сіздің шығармаңызды пайдаланғанда оларды тек түпнұсқа лицензиясының шарттарымен ғана таратылуына, өңдеуге, дамытуға рұқсат етесіз. Егер ол адамдар өзгеріске түскен жұмысты басқа шарттармен таратқысы келсе,Сіздің рұқсатыңызды алуы тиіс.

NoDerivatives – «өзгертуге тыйым салатын»лицензия. Сізөз шығармаңыздың тек өзгеріске түспеген, өңделмеген түпнұсқа үлгісін ғана көшіруге, таратуға, орындауғарұқсат етесіз. Егер өзгелер Сіздің шығармаңызды өзгертуге, өңдеуге немесе дамытуғаықылас білдірсе, Сіздің рұқсатыңызды алуы тиіс.

2 қадам: Лицензия алу

Әр автор жеке қалауы бойынша, шығармашылық жұмысын басқалардың қай дәрежеде пайдалана алатындығынанықтайтын лицензиялар таңдай алады.

Attribution(Авторы көрсетілген)

Бұл лицензия түрі өзгелерге Сіздің авторлығыңызды көрсете отырып, туынды үшін шығармаңызды негізге алып, тіпті коммерциялық негізде таратуға, өңдеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Бұл лицензия берілген лицензиялар арасындағы ең ыңғайлысы. Лицензияланған материалдарды кеңінен таратуда және қолдануда ұсынылады.

Attribution - Share Alike(Авторы көрсетілген – Шарттары сақталған)

Лицензия өзгелерге Сіздің авторлығыңызды көрсетіп, шығармаларыңыздың негізінде өздерінің жаңа туындыларын сол шарттар арқылы лицензиялап отырғанға дейін коммерциялық мақсатта қолдануға, өңдеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Бұл лицензия көбіне «копилефтпен» салыстырылады. Сіздің шығармаңызға негізделген барлық жаңа туындылар Сіздің шығармаңыз лицензияланған шарттарға сәйкес лицензиялануы тиіс, сонымен қатар кез келген туындыны коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат етіледі. Бұл лицензияны Википедиа қолданады және Википедиа мәліметтеріне және басқа да лицензияланған жобаларға ұқсас мәліметтерге пайдалануда ұсынылады.

Attribution- No Derivatives (Авторы көрсетілген – Өңделмеген)

Бұл лицензия өзгелердің Сіздің шығармаңызды еш өзгертусіз, өз қалпын сақтап және Сіздің авторлығыңызды көрсету шартымен ғана таратуына, коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта қолдануына мүмкіндік береді.

Attribution -Non-Commercial(Авторлығы көрсетілген – Коммерциялық емес)

Бұл лицензия Сіздің шығармаңызды туынды үшін негізге ала отырып, өзгелердің коммерциялық емес мақсатта қайта өңдеуіне, түзетуіне мүмкіндік береді. Жаңа шығармалар Сіздің авторлығыңызды көрсету арқылы жарық көріп, коммерциялық емес негізде таратылуы қажет, дегенмен туындыларды осы шарттар арқылы лицензиялау міндетті болып саналмайды. 

Attribution- Non-Commercial- Share Alike(Авторы көрсетілген – Коммерциялық емес – Шарттары сақталған)

Бұл лицензия өзгелердің Сіздің авторлығыңызды көрсетіп, өздерінің жаңа туындыларын осы шарт бойынша лицензиялау шартымен, Сіздің шығармаңызды туынды үшін негізге ала отырып коммерциялық емес мақсатта қолдануына, өңдеуіне, түзетуіне мүмкіндік береді.

AttributionNon-Commercial-NoDerivatives(Авторы көрсетілген – Коммерциялық емес – Өңделмеген)

Бұл лицензия – өзгелердің шығармаңыздың авторлығын көрсету шартымен тек жүктеуіне, басқалармен айырбас жасауына болатын, алайда Сіздің шығармаңызды өзгертуіне немесе коммерциялық мақсатта қолдануына мүмкіндік бермейтін басты алты лицензия ішіндегі ең тыйымы көп лицензия түрі.

127,680 сұрақ
322,232 жауап
153,247 пікір
72,707 қолданушы