+1 дауыс
186k көрілді
романның кейіпкерлері: Ақбілек, Мамырбай, Төлеген, Балташ, Ескендір, Кәмила, Ұрқия т,б ОСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРГЕ МІНЕЗДЕМЕ БЕРІҢДЕРШІ

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.

Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.

+1 дауыс
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" шығармасы - тамаша туынды! Сонау ХХ ғасырдың I ширегінде жазылған бұл роман қазіргі дейін актуальды. Бір демде, бір күнде оқылатын əдеби кітап осы шығар, сірə. Əрі əр адам өмірді тек өз көзімен көретіндіктен, бір жерде, бір уақытта болған жағдай əркімнің санасында əртүрлі құбылуы мүмкін. Сол сəтте Ақбілек не ойлады, ел не ойлады əр қырынан түсінікті етіп жазылған. Əрі орыс шаруаларының да ойын түсірген шығармалардың алғашқысы шығар. Əдеттегідей орыстардың, байлардың, жағымсыз кейіпкерлердің озбыр қылықтарын əшкерелеп қана қоймай, олардың қылықтарын түсіндіреді. "Неге олай,неге бұлай істеді екен?" деп ойланып, қызығып оқып отырғанда, жан-жақты сипатталған романнан сұрағыңызға жауап іздеп, табасыз.
0 дауыс
ақбілек романындағы кейіпкерлерлердің өмір үшін күресін жазуға көмектесіңіздерші
0 дауыс
Романдагы айел бейнесинин коркемдик ерекшелиги жоспар шыгарма
0 дауыс
Олар ғана емесқо басқада  кейіпкерлері  барғой    Жылтыр  Доға  Мағиша
...