+1 дауыс
407 көрілді

Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылы 80% (80 пайыз) студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі деген ақпараты қаншалықты рас?

жатақхана, студенттер

3 жауап

0 дауыс

ҚР Білім және ғылым министрлігінде студенттер жатақханасын салуға арналған бағдарлама жасап шығарылған. Сол бойынша 2016 жылға дейін студенттердің 80 пайызы баспанамен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты.

Оның айтуынша, елімізде бүгінде барлық студенттердің 60 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген. «Бүгінде Қазақстанда жатақханада тұрғысы келетіндердің 60 пайызы қамтылған. Бірақ біз бұл көрсеткішті жеткілікті деп есептемейміз. Сондықтан Министрлік студенттерді жатақханамен қамтудың арнайы бағдарламасын әзірлеп, бірнеше жыл бойы сол жоспар бойынша жұмыс жасап келеміз», - деп атап өтті вице-министр.

Аталған бағдарлама бойынша биыл Қазақстанда 7 жатақхана пайдалануға беріледі деп жоспарланған. «Биыл 3 жатақхананы тапсырып қойдық деп айтуға да болады. Ал қалған төртеуін жыл соңына дейін қолданысқа береміз. Келесі жылы 11 жатақхананың құрылысы басталады. Мұндағы біздің мақсатымыз 2016 жылға қарай студенттердің 80-ге жуық пайызын жатақханамен қамтамасыз

ету болып отыр. Яғни, бюджеттен осыған жеткілікті қаражат бөлінген», - деді Т. Балықбаев.

0 дауыс
80% қамтитынына күмәнім бар.
0 дауыс
Мүмкін 80 пайызы қамтылмайтын шығар?) Басқа каладан келгендердің жатақханаға сыйғаны сыйады, қалғаны квартира жалдайды амал жоқ.

Ұқсас сұрақтар

...