+1 дауыс
1.1k көрілді
НЕГЕ ОСЫ ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ТІПТІ МЕНІҢ ҚҰРДАСТАРЫМДАҒЫДАЙ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ІШІМДІК(АРАҚ,СЫРА) ішуге құмар! сонымен қатар темекі тартуға да!және де мыс. менің сыныбымдағы балалар насыбай атады! білгендерін жасайды! НЕГЕ ! қазақ қоғамы сондай халге жетті ме?!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша неге деген сұрақты бірінші кезекте сол ішімдікті, темекіні тұтынып жүрген адам өз-өзінен сұрауы тиіс. Мен олардың әр қайсысының не деп жауап беретінін таң қалып тұрмын. Сондағысы кышкене уақыттық рахат үшін, келешекте күтіп тұрған көптеген жаңалықтарға алмастырады. Ол жаңалықтар не дейсіз ғой, ол өзінің денсаулығы, ұрпағының аман-есен дүниеге келуі, өзінің келешектегі жетістіктері, дұрыс қалыпты адам болып өсуі және т.б.
Неге дейтін сұраққа келетін болсақ, менің ойымша олар;
1. Керексіз қызығушылық;
2. Өзін үлкендерше сезіне білу ниеті;
3. Уақытша ләззат;
4. Өзінің жеке жетістікке итермелейтін мақсаты мен ішкі еркінің мықты болмауы.
+1 дауыс
Себептердің ішінен біреуі - бір жағынан бұл империяның біздің - ұлттың жоюлуына қатысты әрекеті
+1 дауыс
Өз басым ойлаймын, егер ішімдіктерді шығармаса, шет елдерден импорттамаса, бұндай болмас еді. Қазір де темекінің сыртынды "Сіздің денсулығыңызға зиян" дегендей жазулармен басылып шығады. Алайда оған мән берер тұтынушы жоқ. Біздің елімізде ондайға шектеу қойылмаған. Қателік осында.
0 дауыс
Мөңке би айтып кеткен: "Ішкенің сары су болады, берсең итің ішпейді, бірақ адам оған құмар болады" деп. Толықтай меніңі "мирымнан" тыңдай аласыздар. [email protected]
+1 дауыс
Еліктеу. үлкендікке ұмтылу сияқты ғой. бір бірімен жарысу, өздерін жігіт қылып көрсету. бірақ олар адасады
0 дауыс
Өмір-ащы, өмір-тәтті…Өмірді ащыға айналдыратын сүреңсіз адамдардың бейнесі. Заманның теріс қырынан өзгеруіне ықпалын тигізген адамдар саны жылдан-жылға толығу үстінде. Қу тіршіліктің арбауына алданып, «жынды судың» септігінен айналасын улағандар қаншама?
 Арақ-имансыздың анасы. Иә, расында ащы судың демеуімен отбасынан айырылып, ата-анасының теріс батасын алған, балаларын жылатқан, қоғамнан аластатылған пенделерді көзіміз шалып жүр. Тіпті мұндай жандарды көргенде, күннің өзі ата-ананың көзіндей елжірейді. Сонда өмірдің қандай бақытын иеленді? Өмірге келген соң, өнегелі ісіңмен қоғамға өз үлесіңді қалдыру керек қой. 1975 жылы Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы арақты адам ағзасы мен психикасын бұзатын есiрткi заты ретiнде жариялады. Алайда, арақтың қоғамды аздырушы екенін мойындайтындар кемде-кем. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ассамблеясының (WHA) қарарында: «Маскүнемдiк адамзатқа қауіп төндіретін аурулар қатарында тұр» делiнген. Денсаулық сақтау ұйымы жүргiзген зерттеулер нәтижесiнде, Қазақстан арақ-шарап өнiмдерiн тұтынуда Азия елдерінің ішінде бірінші орынға бірден көтерілдік. Тіпті сары орысты артта қалдырдық. Мұндай дәрежеге жеткеннің себебі, адам бойынан иманның азайғанының нышаны. Көпке топырақ шашуға болмас, бірақ имансыздың қолымен өндірілген өнім екенін баса айтуымыз керек. Әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып түсері ақиқат емес пе? «Ұят кімде болса, иман сонда»-деп Абай атамыз нысанаға дөп тигізген.  Самайын ақ шалған аналар мен сақалы қылаң тартқан ағалардың да аузынан арақ үзілмейді. «Той-томалақтар арақ- шарапсыз қызық болмайды» деп байбаламға салатынын қайтерсің. Ал,той-думанды қымызбен өткізіп жүрген жандарды көргенде ішің жылып сала береді.  Ішімдік ішкеннен соң, шаршауларынан басылатынына өздерін сендіріп алған сыңайлы.  «Кемшіліктің кебін киіп ешкім тумайды. Кемшілікті көрсететін үлкендер, ішімдікке салыну, ана тілінен жирену, дәстүр мен салтты саудалау… тағысын тағыларды солар …үйретеді, үйренеді…» -дейді жазушы Оралхан Бөкей. Өздері ішіп отырған ата-ана балаларына «Арақ – адам организміне зиян, оны татпаңдар» деп айтуға қалай дәті барар екен? Қартайғанда баласы басына әңгір таяқ орнатып отырса, өздерінің кінәлары деп білген жөн шығар. Балаға тәрбие беру ананың жөргегінде жатқанынан басталу керек екені тегін емес. Әйел арақ iшсе, аналық жұмыртқа клеткалары зақымданып, бала кемiс  туады. Болашақ ұрпаққа өмір сыйлайтын аналарымыз саналы ұрпақты дүниеге әкелгенге не жетсін, шіркін! I Петр арақтан халықты арылту үшін жазалау шараларын қолданған. Ішкен адамның мойнына ауыр темірден арнайы медаль құйдыртып, ілдіріп қойған. Дарыны мен қарымы ұштасқан зиялыларымыздың өзі талантының жарыққа шығуын арақпен байланыстырып жүргеніне таң қалмасыңа болмас. Юлий Цезарь, Бетховен, Сократ өмірлерінің соңында ішімдікке әуес болған. Әлемді тітіренткен Александр Македонский бір отырыста өте қатты мас болғанынан, досы Клитті өлтіруге де барған екен. Есін жиғаннан соң, кешірілмес күнә жасағаны үшін өзін – өзі жазғырады екен. Міне, тіпті қандай дәрежеге жеткізеді бұл қу арақ. Нағыз ішкіштердің көпшілігі дәрігерге бармайды. Сонда бұл арақ деген бәлекет бұл елге ұлттық қасіреттей болып отырғаны даусыз. Құранда («Маида» сүресі, 90-91-аяттар): «Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, бұтқа табыну, бал ашу – лас, нәжіс шайтанның тірлігінен. Шайтан, арақ және құмармен араларыңа дұшпандық, бір-бірлеріңді көреалмаушылықты салып, Алланы еске алумен намаз оқып, сауап алудан тосқысы келеді. Әлі де тоқтамайсыңдар ма?» деген үкімі арқылы түбегейлі тыйым салынды.  Айта кететін тағы бір жай, «Ішімдікті ішпейтін болады. Ішсе, денсаулығы сыр береді» деп адамдардың ақшасын жымқыратын дүмше – молдалар көбейді. Бір молдадан жазылмаса, екіншісіне барып өз өмірлерін өздері қорлауда. Егер адам миының  бір бөлігін ішімдікті тастауға арнаса, молдаға барудың да қажеті жоқ болар еді. Біз қолымыздан келгенше көмегімізді аямауымыз шарт. « Жәрдем көңілдің бірлігі» деген емес пе? Бөтелке бетiнде қалқыған қазақ жастарының ертеңгi күнi бұлыңғыр болмас үшiн  ұрпақ рухын өлтірмейік! Шөліркегенде бал қымызбен басып отырған ата-бабамыздың аманатын дұрыстап жеткізсек болғаны.

Ұқсас сұрақтар

...