+1 дауыс
6.8k көрілді
Тұрмыста,күнделікті өмірде әртүрлі құттықтау сөздер айтылады.Қай кезде қалай деп айтатынын білесіңдер ме?

а)Мереке күндері үлкендерге,жолдастарыңа;

ә)сапарға шығатын,жол жүретін адамға (жолаушыға);

б)мал жайып жүрген малшыға;

в)мұғалімдеріңмен таңертен,түсте,кешке кездескенде;

г)құрмет-қошеметке ие болған адамға;

ғ)өзіңе біреу қызмет көрсетіп,көмектескенде қалай деп айтысың?Бұл сөйлемдер қандай дауыспен айтылады?

4 жауап

0 дауыс
а)Мереке күндері үлкендерге,жолдастарыңа - құтты болсын, құттықтаймын, мерекеңізбен, мейрамыңызбен. ә)сапарға шығатын,жол жүретін адамға (жолаушыға) - жолың болсын, жолың қауіпсіз болсын! б)мал жайып жүрген малшыға - малдарың жоғалып кетпесін, тезірек кеш болсын:) в)мұғалімдеріңмен таңертен,түсте,кешке кездескенде - сәлеметсіз бе?, саламатсыз ба?, сау болыңыз! г)құрмет-қошеметке ие болған адамға - құттықтаймын, жарайсың, сенің жолыңды бізге берсін. ғ)өзіңе біреу қызмет көрсетіп,көмектескенде қалай деп айтысың - рахмет, көмегіңе рахмет, үлкееен болып өс :) бұлардың бәрін көтеріңкі көңіл-күймен, қаттырақ дауыспен айтады.
+1 дауыс
а) мереке құтты болсын!

ә) жорытқанда жолың болсын!

б) бағар көбейсін!

в) саламатсыз ба?

г) сый-құрметке бөлене беріңіз!

ғ) өркенің өссін!
0 дауыс
сыбырлап айтасыннннннннннннннннннннннннннннннн.
0 дауыс
1-Мейрам құтты болсын,мерекеден мерекеге жата беріңіз!  2-Сәт-сапар,жорытқанда жолыңыз болсын,қыдыр ата жолдасыңыз болсын,Аллах жолыңызды оңғарсын!  3- Мал басы көбейсін,ит-құстан аман болсын!  4-Сәлеметсіз бе,қайырлы күн!  5-Мерейің үстем болсын,даңқың арта берсін!  6-Үлкен рахмет,көп жасаңыз,еңбегіңіз алладан қайтсын!
Кешіріңіздер,жата беріңіз емес,жете беріңіз.Қателесіп кеттім.
...