0 дауыс
5.5k көрілді
Бірнеше есеп берілген, соларды ертеңге дейін шығару керек еді, көмектессеңіз алғысымды білдіремін. Осылар:

1.Серуендеп жүрген адам алдымен солтустікке қарай 3 км, содан соң шығысқа қарай тағы 4 км жүрді, оның орын ауыстыруының модулін тап.

2. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 50 м, шығысқа қарай 8 м, оңтүстікке қарай 20 м, және тағы шығысқа қарай 32 м жүгіріп өтті. Оның орын ауыстыру модулі неге тең?

3. Автомобиль жолдың бірінші жартысын V1=10м/с, ал екінші жартысын V2=15м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жол бойына қатысты орташа жылдамдықты табыңдар.

4. Автомобиль жолдың бірінші жартысында 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.

5. Автомобиль жолға қатысты 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Осы жол бойымен, дәл сол бағытты 5м/с жылдамдықпен велосипедші жүріп келеді. Автомобильдің велосипедшіге қатысты жылдамдығын табыңдар.

1 жауап

0 дауыс
1. Гипотенуза 5 км
...