+1 дауыс
3.4k көрілді
Айта беріңіз жаңылтпаш болса.Кімде кім сондай шатастыратын жаңылтпаш айтса мен оған жақсы жауап дегенді беремін!

3 жауап

0 дауыс
Мына жаңылытпаш қиын: әй, Тайқарбай, Тайқарбай, қойыңды жусанды жерге жай, Тайқарбай.
0 дауыс
АСан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді.

Басқа жақтан

Басқарақ асқабақ әкелді

 

 

Баланың жаман баға алғаны ма

Мұғалім ағаның жаман болмағаны

Қоғанбай қомағай ма?

Жоқ,ағай

Қоғанбай қомағай емес,

Зор ағай.

 

Есім есі кетіп есінеп отыр екен

Ол несіне

Есі кетіп есінеп  отыр екен

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді қамажай
0 дауыс
Көк шөп көрікті ме,

Көп шөп көрікті ме,

Көк кер көрікті ме,

Көк көл көбікті ме,

Көк бел келісті ме,

Көп тер жемісті ме?

*

Бала мысықты ана мысық,

Ана мысықты ала күшік.

Ала күшікті қара күшік,

Талаймын деп барады ұшып.

*

Шөжелерім шөптесінде,

Шөптесін де шөп жесін бе,

Шөп жемесе, кет десін бе –

Аулағырақ беттесін де,

Құрт-құмырсқа ет жесін де.

Ұқсас сұрақтар

...