+1 дауыс
131k көрілді
Мен 9 сыныпта оқимын. Мен бұл сыныпта 1 сыныптан бері оқып келемін. Барлық сыныптастарыммен достасып кеттім. Бір-бірімізге қиын жағдайларда көмектесеміз. Сыныбымыз ұйымшыл, жарыстарға белсене қатысады. Жүлделі орындарды алуға тырысамыз. Біз мұғалімдердің барлығын сыйлаймыз, әсіресе өзіміздің сынып жетекшімізді. Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыз секілді болып кетті. Мен тоқсан аяғындағы демалыстарда, жаз айларының демалыстарында, сыныптағы достарымды өте қатты сағынамын! Мектеп,сынып менің екінші үйім!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Біздің сынып

Біздің сыныпта 18 оқушы бар. Оның 7 қыз. Барлығы да ұқыпты және сабақты жақсы оқиды. Сынып жетекшіміз Бектиллаева Айша апай. Сыныпты таза ұстаймыз. Сыныпта гүлдеріміз өте көп. Біз оған су құйып күтіп баптаймыз. Тоқсан сайын сынып ішіне тазалық жұмыстарын жүргіземіз.

Тегісбай Дана Қайратқызы 8 жаста
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті

*** 

Мен екінші сыныпта оқимын. Сыныпта 9 ұл, 6 қыз бар. Мен өз сыныбымды мақтан етемін. Біздің сынып өте ұйымшыл. Сыныбымызбен қатысқан әр жарыстарда орын алып келеміз. Атап айтқанда «Күзгі бал», «Суретшілер байқауы» сайыстарында жүлделі орындармен көзге түстік. Алда басқа келе жатқан жаңа жылдық мерекеде де өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.


Бәкіржан Алтынбек 7 жас
Қостанай облысы,  Қарасу ауылы


***

Біздің сынып өте керемет. Біз тәртіптіміз. Біздің сынып жетекшіміз Алдабергенова Гүлнұр апай. Біздің мектеп 2 қабаттан тұрады. Біз екінші қабатта оқимыз. Біз қайтарда сапқа тұрамымыз. Міне, біздің сынып осындай. 

Аманжол Аружан 10 жас
Жаңақорған қаласы

*** 
Менің сыныбым өте әдемі! Қабырғаларында мадақтамалар, суреттер ілінген. Сөрелер көп. Сынып жетекшіміз Ләйлә Қайратқызы. Мұғалімім өте білімді. Мен өз сыныбымды жақсы көремін.


Рысбек Гүлназ 8 жас
Қарағанды қаласы

***

Біздің сынып үлкен әрі өте әдемі, біздің сыныпта 21 бала, 11 қыз бала, 10 ұл бала бар. Біздің сыныптың балалары бір-біріне адал, қамқор болып жүреді. Менің сыныбымның ішінде, терезенің алдында көп гүлдер бар, олар өте әдемі, сыныптың қабырғасында дүниетану сабағынан бірнеше мәліметтер бар. Менің сыныбымның мұғалімі Гүлсайран Орманқызы, сабақты өте жақсы түсіндіреді, апайымыз өте әдемі, мен апайымды өте жақсы көремін. Мектеп менің екінші үйім сияқты, ал сыныбым екінші бөлмем сияқты. Мен өз мектебімді, өз сыныбымды жақсы көремін және мақтан етемін.

Болатбай Айзере 6 жас
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

***
Мен Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №6 орта мектептің 5 «в» сынып оқушысымын. Менің сыныбында жиырма оқушы бар. Олардың бәрі тәртіпті, мұғалімдердің айтқандарын бұлжытпай орындайды. Озат оқушылар Әсел, Жайна, Аяулым, және мен. Менің сынып жетекшімнің аты Айжарықова Фаризат апай. Апай сымбатты, пысық мұғалім. Ал сенбі күні біз кезекпен сыныпты тазалауға қаламыз. Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесіп, қиын кезде қол ұшын береміз. Біз тату, бір- бірімізге сене алатын сыныппыз.

Шыңғысбаева Ақерке
Атырау қаласы

***

Мен №247 орта мектепте оқимын. Мен 6 сынып оқушысымын. Сыныпта 15 оқушы бар. Мен олардың бәрін жақсы көремін. Соның ішінде жан досым – Жұлдыз да бар. Ол бос уақытында домбыра тартып, би билейді. Менің апайым – Бексұлтанова Гүлсана. Мейірімге толы апайымыз бізді жақсы көреді. Біз апайларымызды үлгі тұтамыз. Мен өз сыныбыммен мақтанамын.

Шұғыла 11 жас
Қызылорда қаласы

***
Менің сыныбым ақылды,
Әдепті де көрікті.
Айтқандарын ұстаздың,
Орындаймыз бұлжытпай.
Біздің сынып осындай!

Бағадатова Аружан
Атырау қаласы

***

Мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында тұрамын. Менің ауылымда екі мектеп бар. Сол мектептің бірі, №9 орта мектептің 7 «а» сыныбында оқимын. Мектептің директоры Адилов Өтепберген. Менің сыныбымда 25 оқушы бар. Оның үшеуі оқу озаты. Барлығыда өнерлі оқушылар. Бірі өлең жазса, екіншісі мақала жазады. Және сыныбымызда әнші де, биші де және күйші де бар. Менің сыныбым мектептегі ең үлгілі сыныптардың бірі. Мен қайда жүрсем де ешқашан өз сыныптастарымды ұмытпаймын. Міне, мен осындай сыныбыммен мақтананамын.

Зәмзәмгүл 12 жас
Атырау қаласы

***

Менің сыныбым – өте тамаша сынып. Мен сыныбымды өте жақсы көремін. Менің сыныбымда 17 оқушы бар. Біздің сыныпта екі үздік оқушы бар. Олар: мен және Айгерім. Мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз бекетіндегі Кенбай орта мектебінде 5 «в» сыныбында оқимын. Менің мектебім жөндеуден өткізілді. Мектебімнің директоры – Еркін Сұлтанов. Менің сынып жетекшім – Ақмарал Жұмабаева.

Робия Исламбекқызы 10 жас
Атырау қаласы

***

Сәлем. Менің атым Асемай. Мен Талғар ауданы Жалқамыс ауылы №15 ЖББ орта мектебінің 5 «ә» сыныбында оқимын. Мен мектебімді мақтаныш етемін. Біздің мектебіміз таза әдемі. Біз осы жылы тәуелсіздік күні қарсаңында сыныбымызбен «Жасұлан» ұйымына қабылдандық. Біздің ұстаздарымыз мейірімді. Сыныбымызда 19 оқушы бар. Оның 11 қыз балалар 8 ұл балалар. Біздің ауылымыздың жанында «Сегіз көл» демалыс орны бар, түнде өте әдемі болып көрінеді, менің анам сол жерде жұмыс істейді Ол жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден адамдар демалуға келеді, Мен ауылымды мақтан тұтамын.

Алимбаева Асемай 10 жас
Алматы Талғар ауданы

+2 дауыс
"Біздің сыныпта жалпы саны 22 оқушы бар. Әрбір сыныпта кем дегенде 1 семіз, 1 өшкәрик оқушы болады дегендей біздің сыныпта 2 семіз оқушы бар. Жалпы жаза берсем дәптер бітіп қалар ойымды осы жерден аяқтайын. Шағын шығарма болғандықтан осы жерден тоқтатпасқа амал болмады" дей сал))
+1 дауыс
Біздің сыныптын балалары өте ақылды.Олар адал,мейірімді , тəртіпті.Мен сыныбымда 24 оқушы .Бəріміз бір-бірімізге көмектесеміз,əрқашан тату боламыз.Мен сыныбымнын балаларымен мақтанамын.Біздің сынып жетекшімізде  бізді əрқашан мақтайды.Сыныптағы балалардын барлығы бір үйде өскен сияқты да болады.Біздін сыныбымызды жетекшілер ұйымшыл сыныпидеп атайды.Менің өмірімде осындай үлкен бақыт болғанына қуанамын.Сыныбым менің  қуанышым!
0 дауыс
Менің сыныбымда 26-бала бар.Біздің қыздар ақылды.Ал ұлдарымыз  бұзық.Бірақ шулы болсада қолдаймын.Менің сыныбым жақсы.Мен сыныбымды қолдаймын.Менің атым Нұрмағамбетова Бибіғайша❤
0 дауыс
Мен (свой класс,например:9 )сыныпта оқимын. Мен бұл сыныпта 1 сыныптан бері оқып келемін(или свой вариант)
Барлық сыныптастарыммен достасып кеттім. Бір-бірімізге қиын жағдайларда көмектесеміз.Сыныбымыз ұйымшыл,жарыстарға белсене қатысады.Жүлделі орындарды алуға тырысамыз.Біз мұғалімдердің барлығын сыйлаймыз,әсіресе өзіміздің сынып жетекшімізді.Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыз секілді болып кетті.Мен тоқсан аяғындағы демалыстарда,жаз айларының демалыстарында,сыныптағы достарымды өте қатты сағынамын!Мектеп,сынып менің екінші үйім!
Ұнайтын шығар деп ойлаймын)
0 дауыс

Біздің сыныпта 23 бала оқиды. Ішінде 12-ер бала, 11-қыз бала бар. Біз бірге 5-жыл оқимыз. Біз барлығымыз доспыз. Біздің сынып 2-қабатта тұрады. 

...