0 дауыс
10.1k көрілді
Мерез ауруы туралы ақпарат?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мерез – жыныстық жолмен берілетін ауру. Барлық жұқпалы аурулар сияқты жұққаннан кейін бірнеше күнде байқалады. Бұл инкубациялық кезең 3-6 аптаға, егер науқас антибиотик қолданған болса онан да көпке созылады. Ауру қоздырғышы – бозғылт трепонема. Табиғатта бозғылт трепонема ошағы – науқас адам.

Жыныстық жолмен берілетін бұл ауру белгілері кезеңімен, толқумен бірде қозып, бірде басылып, жыныс мүшелеріне, науқас денесіне жаралар пайда болу, шабының бездері ісінуі, тамақтың қарлығуы, шаштың түсуінен байқалады. Кейде бұл белгілер ауру адамның денесінде болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда мерез трепонемасы қаннан табылады. Бұл мерездің жасырын түрі. Осы кезеңде науқас өзін ауру санамай басқа адамдарға қауіп төндіреді.

Бұл ауру әсіресе екіқабат әйелдерге қауіпті. Өйткені, кейбір әйелдер жүктіліктің соңғы кезеңінде әйелдер консультациясында есепте тұрғандықтан, әйелді емдеп үлгере алмайды. Егер әйел екіқабат кезінде мерез ауруын жұқтырып алса, жедел емделуі керек. Себебі, мерездің сыртқы белгілері жоқ, бала туылған соң байқалады.

Қазалы аудандық ауруханасының тері-венерологиялық аурулар бөлімшесінде 2012 жылы 45 ауру тіркелсе, 2013 жылы 77 науқас тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №312 бұйрығына байланысты жұмыс атқарылуда. Онда екіқабат әйелді 3 ай сайын мерезге тексеру, сол арқылы жас нәрестенің туа болатын ауруының алдын алу қарастырылған.

Сөзіміздің соңында Құранның «Исра» сүресіндегі аяттың біріндегі: «Зинақорлықтан мүлде аулақ бол. Өйткені, ол барып тұрған арсыздық, өте теріс жол» деген сөзін естеріңізге салғымыз келеді. 

0 дауыс
Салеметсиздер ме мен мерез ол жазылатын ауырума
...