0 дауыс
16.5k көрілді
Жыныстық жолмен таралатын аурулар туралы?

4 жауап

0 дауыс
СПИД. (15 әріптен кем болмасын)
+1 дауыс

Жыныстық жолмен таралатын аурулар саны қазіргі таңдакөбейіп барады. Дүниежүзі бойынша осындай жұқпалы аурулардың 25 түрі бар болса, соның елімізге енбегені жоқ екен. Оның ішінде әсіресе сифилис, соз, герпес, хлами­доз, трихомониаз, кандиломалар көп кездеседі. Толық ем қабылдамаған жағдайда артына айықпас із қалдырып кетеді. Оның ішінде белсіздік, импотенция, обыр ауруларына әкелуі әптен мүмкін.

Дәрігерлер жыныстық жолмен берілетін ауру­ларды жұқтырмау үшін кездейсоқ жы­ныстық қатынастардан аулақ болу, мүше­қап қолдану, тері қабатын зақымдайтын ортақ құралдарды қолдан­бау керек деп кеңес береді. Бірақ бұл насихаттауларды құлаққа іліп жат­қан адам аз. Былтыр Шым­қаланың тәртіп сақшылары түнгі көбелек­терді топырлатып ұстап, қаладағы тері-венеро­ло­гиялық ауруханаға апарып тексерткенде, олардың арасынан 18 қыз­дың соз секілді жұқпалы ауруларға шал­дыққаны белгілі болған-тұғын. Тіпті араларында ВИЧ ин­фекциясын тасымал­даушылары да бар болып шықты. Бұл дерек талай жігіттің жү­регін солқ еткізгені анық. Алайда соған қарамастан тәуекелділікке баратындар саны азаймай отыр.
Бүгінде жұқпалы ауруларды жұқтырғандар саны көбейіп барады. Көбісі жеке емдеу мекемелеріне қаралады. Сол себептен олардың нақты санын есептеп шығару мүмкін емес. Статистика заңдылығы бұған жүрмейді. Аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен дәрі­герге жүгіріп баратын қазекем қайда? Ақырында ажал құшып жатқандар да бар... Кездейсоқ жыныстық қатынастан бармақ шайнап қалып жатқандар қаншама? Бүгінгідей ауру біткеннің өршіп тұрған шағында «ақырын жүріп, анық басуды» жадында ұстауға мойны жар бермейтіндер көп. Салдарынан ауру­хана жағалап жүргені. Жазылып кетсе жақ­сы ғой, өзгелерді де батпағына батырып кет­се, қауіптің үлкені – сол. Мамандар осы бағытта жұмыс атқармай жатқан жоқ. Дегенмен бұл мәселе әркімнің өз еркіндегі шаруа болған соң ешкімнің де қол сұғуға қақысы жоқ... Оның үстіне басқа ауруларға қарағанда, бұлардың емдеу ақысы да қымбат. Жеке клиникаларда қалтаны қағарлықтай сома сұрайды. Ал мемлекет меншігіндегі ау­­руханаларға барып емделуге «ағайын-туыстың бірі көріп қойса – ұят» деп бетінен басатындар бар. Сөйтіп, өзін емші-құшнаш атағандарға барып емделіп, сан соғып қалып жатқандар да баршылық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың қалдырар ізі аз емес.

Еркектер белсіздікке ұшыраса, әйелдер түсік тастау және ерте босануы мүмкін. Халықаралық қоғам­дас­тықтың мамандары бүгінде қатерлі ісіктің этиологиясын зерттегенде адамға онкогенді әсері бар герпесвирустардың болатынын анықтаған. Белгілі ережеге сай елімізде 30 жастан асқан әрбір әйел бес жыл сайын жатыр мойны обырының және  әйелдердің жыныс мүшелері ауруларын анықтау үшін міндетті түрде профилак­тикалық тексерілу­ден өтуі керек. Бірақ көп жағдайда бұл ереже сақтала бермейді. Учаскелік дәрі­герлер үй-үйді аралап, таба­нынан тозса да, шақыртуға бармайтын­дар басым. Ма­мандар бұл аурулардың тым «ер­кінсіп» кеткені сонша – бүгінде мүше­қапқа да сенім жоқтығын айтады. Расында, мүше­қапты қолданудың өзі адам вирусы папил­ломасын жұқтырудан қорғай алмайды, себебі вирус генитальды аймақпен жа­насқанда беріле береді. 

Осы бұйрықта Бұрынғы редакцияларды қара­Контингенттер үшін жыныстық жолмен жұғатын ауруларды анықтауға тексеру және оң реакциялы стационардағы науқастарды қарау тәртібі жөніндегі нұсқаулық, вене­рологиялық ауруды басқа адамға жұқтыру және оларды заңнамада белгіленген тәртіп­пен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тергеу органдарына беру фактілері бойын­ша материалдарды ресімдеу ережелері, жұмысқа қабылданарда және кедендік дәрігерлік тексеруден өтерде міндетті түрде алдын ала дәрігерлік тексеруден өту туралы ережелер қоса шығарылған. Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды әдейі өзгелерге жұқтыру қылмыс болып саналса да, оны дәлелдеу – өте қиынның қиыны. Тіпті құқық қорғау саласындағылардың «қызмет тари­хында» мүлдем кездеспейді десе де бо­лады. Өзге тауарлар сияқты бүгінде неше түрлі ауруларға да шекарамыз айқара ашық. Шетелден келген ауруларға тосқауыл табылмай тұр. Тіпті ол мүмкін де емес. Қолда бар заңдық негіздегі көптеген ережеміз жұмыс істемейді. Қатаң қадағаланбайды.  
Қазіргі таңда жыныстық жолмен жұ­ғатын аурулардың көбейіп кеткені рас. Мектептерде, колледждерде түрлі лекциялар оқып, брошуралар таратып, үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізіп тұрамыз. Жастарымыз жаман әдет­терден аулақ болсын деп. Бірақ бар мәселе мұнымен шешілмейді. Әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы қажет.

0 дауыс
Кыз бала 18 жастан асканнан кейын жыныстык катынаста болмаса кандай зинаны болады
0 дауыс
салематсыздерме. мен  быр  кыз  баламен  болган  едым. менын  жыныс  мушемнен  быр  нарсе  агып  тур  бул  не  ?бул  жаман  ауру  емес  шыгар?жауап  жберын дершы
...