Витилиго дегеніміз – тері аймақтарындағы меланин пигментінің болмауымен байланысты тері пигментациясының бұзылысын айтады. Қазіргі таңда витилиго ауруының себептері туралы нақты мәлімет жоқ. Аурудың пайда болуына әсер етуі мүмкін факторларға стресс, қажу, көптеген жарақаттар, шектен тыс күннен сәулелену және химиялық агенттер жатады. Ал ішкі факторларға түрлі жұқпалы және токсинді агенттер, құрттар, кейбір мүшелер функциясының бұзылуы, генетикалық патология және тағы да басқаларын мүмкін себептердің қатарына жатқызуға болады. Ауруды ішкі ағзалардың патологиясымен, мысалы: қалқанша безінің, бауырдың аурулары немесе құрт инвазиясына байланыстыруға болмайды, себебі бұл патологиядан болған аурулар өте сирек кездеседі. Сонымен қатар, бұл аурудың тұқым қуалау арқылы берілуі туралы нақты дәлелдемелер жоқ. Одан гөрі витилигоның бейімдеуші факторлардың (имундық, вегетативтік) әсерінен берілуі туралы айтуға болады.
Емдеу мақсатында системалық және жергілікті кортикостероидтар және өзге де препараттарды пайдаланатын иммунносупрессивтік терапияның эффективтілігін анықтау үшін, осы бағыттағы зерттеулері одан әрі жалғасу барысында.
Биохимиялық бұзылулар теориясын (оксидативтік стресс) көптеген қызықты зерттеулер нәтижесінде ұсынды. Бұл теория бойынша, ауру адамның терісінде бос радикалдар жиналуы нәтижесінде теріде антиоксиданттық қорғаныш активтілігінің төмендеуіне, ал ол өз кезегінде меланоциттердің зақымдалып, депигментациясына алып келеді. Көптеген зерттеулер витилиго ауруына шалдыққан адамдар терісінің эпидермиясында сутегінің асқын тотығының жиналуы нәтижесінде ферменттік антиоксиданттың каталазаның активтілігі мен концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Жанама дәлелдеме ретінде, ауруды емдеу мақсатында қолданған антиоксиданттардың оң әсерін айтуға болады.
Витилиго қазіргі уақытта Қазақстанда кең таралған аурулардың қатарына енуде. Бүкіл еліміз бойынша ауру балалар мен жасөспірімдердің нақты санын анықтау мүмкін емес. Себебі, кейбір ата-аналар балаларын керекті медициналық орталықтарға көрсетпейді, және де дәрігірлер бұл аурудың толық зерттелмеуіне байланысты дәл диагноз қоя алмайды. Алғашқы ақ дақтар ішкі бөлімінде пайда болып, кейін бет, мойын, қол, аяқ бөліктеріне тарай бастады. Ақ дақтар 4-5 см бастап, үлкен көлемге дейін жетіп жататын формасыз белгілер. Ол көптеген зертханалық тексерістерден өткен. Алайда, бүгінге дейін ешбір дәрігерлер дәл диагноз қоя алмай отыр. Көптеген лабораториялық тексерістер және емдер ешқандай нәтиже бермеді. Бұл аурудың пайда болуын көптеген себептермен байланыстыруға болады. Алайда әзірше оның нақты себебі және дәлелі жоқ. Сондықтан мен өзімнің ойыммен ғана бөлісіп кеткім келеді. Яғни, көптеген аурулар ана құрсағында жатқаннан бастап пайда болады. Анасының психологиялық және физиологиялық жағдайы тікелей іштегі жатқан баласымен байланысты. Анасы кішкене ғана психологиялық күйзеліске түссе, баласына үлкен зардабын тигізетіндігі дәлелденген. Мысалы, анасы аяғы ауыр кезінде белгілі бір жағдайларға байланысты стресске ұшырады делік. Соның нәтижесінде оның қанына көп мөлшерде картизол гормоны бөлінеді. Ал бұл гормон стрессті басып, қалыпты жағдайға келтіріп ғана қоймай, кері әсерін тигізіп кетуі мүмкін.
Ғалымдар адамның хромасомасында кейбір гендер ұйқы және ояу жағдайында болатындығын анықтады. Белгілі бір себептерге байланысты (cыртқы және ішкі факторлар) бұл гендер сөніп, ұйқыға кетуі мүмкін, немесе жанып, активті жұмыс атқаруы мүмкін. Яғни, анасының стресске ұшырауы нәтижесінде, оның белгілі бір гендерінің сөніп, ұйқыға кетуіне әкеледі. Және де осы гендердің баласына берілуі әбден ықтимал.
Бұл гендерді қабылдаған бала организмінде әртүрлі өзгерістер байқала бастайды. Бастапқы уақытта балада ешқандай ақаулар байқалмайды. Алайда сыртқы ортаның сәл ғана әсерінен, бүкіл организмде өзгерістер басталады. Сыртқы ортаға мысалы, стресстік жағдай, иммунитеттің төмендеуі, қажу және т.б. жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткен хромосомадағы ұйқыдағы гендер оянып, организмге кері әсерін тигізе бастайды. Мысалы, бұл жағдайда аутосенсибилизация процессі басталады, яғни меланинге және меланин түзуші клеткаларға қарсы антиденелердің түзілуі. Осының нәтижесінде тері пигментациясы бұзылып, витилиго ауруына алып келіп соқтырады.