Мына сөздердің мағынасын айтып жібересіздер ме?

0 дауыс
16.6k қаралым
Мына сөздердің мағынасын айтып жібересіздер ме?

Етегін баспа,жолын қу

Бетін қакпа,белін бу

Тірілерге санама

Нанға тар

Өмірдің арқауы

(тез керек боп тұр)
Қазақ тілі

5 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Етегін баспа,жолын қу - жақсы дәрежелерге жеткен адамды сынап, көре алмай, қызғанбай керісінше соның жолын қуып, сол сияқты болуға тырыс дегені.. Бетін қакпа,белін бу - болам деген, өсем деген баланың бетін қақпа, белін бу дейді, яғни жақсы адам болып, үлкен мақсаттары бар адамға "сен ондай бола алмайсың, қоя сал, ондай болу қайда саған" демей, жігерлендіріп, қуат беріп, рухын оятып, онымен бірге екеніңді сездіріп қой дегені.. Тірілерге санама - өлді деп ойла, оны ұмыт.. Нанға тар - қызғаншақ, іші тар, қолы қысқа, ештеңені бөліспейтін адам.. Өмірдің арқауы - өмір сүру үшін бір себеп немесе себепші болған адам..
0 дауыс
етегін баспа жолын қу - әлде бір кісі өсіп жатса кедергі болмай, сол кісі сияқты болуға тырыс деген мағын, істей

бетін қақпа белін бу - болам, істеймін деп талпынған адамды райынан қайтармай, қайта қолдау көрсет дегендей

қалғандар шынымды айтсам менде түсіне алмадым.
Белгісіз
0 дауыс
Менде де тура сондай
0 дауыс
жылампаз созинин магынасын айтыныздаршы
0 дауыс
бетинен алудын  магынасын айтындаршы
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы