+1 дауыс
4.1k көрілді
Барлық бир жасушалардынн курылысы толығымен керек. Ядросы цитоплазмасы кылаулаткыш козше кирпикше және таги да сол сиакты мушелеринин бар жоги туралы жазып жиберсениздер

1 жауап

+1 дауыс
қарайымдар дегеніміз денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоппен ғана көрінетін ағзала. Олар негізінен 4типке бөлінеді: саркодиналар, талшықтылар, кірпікшелілер, споралылар болып.  

саркодиналар типіне жататындар теңізде және тұшы суларда мекен етеді. Олардың қабықшасы- пелликула болмайды, сондықтан олардың тұрақты пішіні болмайды. Жасуша ішіндегі цитоплазманың тынымсыз қозғалысы әсерінен жалған аяқтар түзіледі. Олар бөліну арқылы жынныссыз жолмен көбейеді.  

талшықтылар қабықшасы- пелликуласы болады, тұрақты пішініде болады. Олардың денесінің алдыңғы жағында бірнеше талшықтар болады, сол арқылы қозғалады.Зәр шығарушы вакульдері бар. Басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты жолмен көбейетіндері де бар, мысалы колония мен вольвокстар.

кірпікшелілер денесі өте коп талшықтан тұрады, олар қозғалысты қамтамасыз етеді. Олардың пішіні тұрақты болып келеді. олардың құрысысы едәуір күрделі болып келеді. Оларда екі ядро болады: үлкені қоректену, тыныс алу, қозғалу, зат алмасуды қамтамасыз етсе, кішісі жынысты жолмен көбейуге қатысады. Қортылмаған заттар қалаулатқыш арқылы сыртка шығарылады.

споралылар оте құрылысы қарапайым болып келеді. ол қозғалмайды, өйткені арнайы қозғалу оргонойды жоқ. ас қорту, зәр шығару вакульдері де жоқ.
...