Жаңа туған нәрестенің қорғаныш жүйесі белсенді болмайды. Сондықтан да жаңа туған нәресте ана сүтіне зәру. Ана сүті емшектегі сәбиді түрлі жұқпалы аурулардан, оның ішінде ішек ауруларынан да сақтайды, өйткені, оның құрамында иммуноглобулин, лактоферин, лизоцим, стафилококқа қарсы бифидус – фактор, лимфоцит пен макрофагтар бар. Энтеральды бактерияға қарсы иммунитеттің пайда болуында әсіресе ана сүтіндегі бифидус-фактордың маңызы зор. Ол бифидобактериялардың аш және тоқ ішекте орналасуы және көбеуюінде жағдай жасайды, залалды флораның өсуін тежейді. Сондай ақ, көптеген бактериостатикалық субстанциалардың арқасында ана сүті мен уыз ағзадагы ішкі тұрақтылыққа иммунологиялық бақылау жасауға көмектесіп, оны аурулардан қорғап және қоршаған ортаға бейімделуде антигенді қоздырғыштарды шектейді.
Ана сүтінің жетілуі барысында пайда болған кейбір биологиялық қасиеттер баланың дұрыс жетілуіне мүмкіндік береді.
Ана сүтінде майдың сорылуына әсер ететін фермент – липаза бар. Сүт майының липаза арқылы ыдырауы сөлінің ерте бөлуіне септігін тигізеді. Баланы емшек сүтімен асырағанда майдың қорытылуы, сіңуі жеңіл болып, ас корытуына ауыртпалық салмайды. Ана сүтіндегі минералдық тұздардың мөлшері сиыр сүтіне қарағанда аз және бұл балаларда бүйректің несепті шығару қызметі нашарлаған кезде оған ауырлық түсірмейді. Тұрмысы нашар, денсаулығы төмен аналарда сүтінің азаюына байланысты нәрестелер жасанды сүт қоспасына көшіріледі. Жасанды сүт қоспалары химиялық құрамы жағынан ана сүтіне қанша жақын болғанымен, оны толық алмастыра алмайды, әсіресе сәби өмірінің алғашқы айларында сүт қоспаларының артықшылығымен қатар, теріс, жағымсыз әсерлері бар. Қышқыл сүті қоспамен тамақтандырғанда нәжіспен бірге аммиактың, тұздардың шамадан тыс бөлініп шығуы байқалады. Бұл алмасу құбылыстарының бұзылғандығын көрсетеді. Одан басқа қышқыл сүт қоспаларымен ағзадағы көптеген радикалдар енеді, олар бала ағзасындағы тепе – теңдікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан қышқыл сүтті қоспаны көп мөлшерде бермеген дұрыс. Жасанды сүт қоспаларын пайдаланғанда аллергиялық диатезде, бала салмағын шамадан тыс артуы іш құрылысының ауруларына әкеп соғады. Сонымен қатар баланың иммунитетін төмендетіп, жұқпалы ауруларға қарсылығын азайтады.
Ана сүтінің бала үшін артықшылықтарына баланың қалыпты тәндік және психоэмоционалды дамуына ықпал етеді, бала мен ана арасындағы биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығады, жұқпалы аурулардан, олардың ішінде жедел ішек инфекцияларынан, жедел респираторлы – вирустық және басқа жұқпалардан қорғаныс қамтамасыз етіледі, аллергияға бейімділіктің даму қаупі төмендейді, жақ сүйектерінің пішіні дамуының жақсаруына байланысты тістеу ақаулары азаяды, көз көру жітілігі мен психомоторлық дамуы жақсартылады, ақыл – ойдың дамуы көрсеткіштері артады, ас қорыту жүйесінің ауру жиілігі мен ұзақтығы төмендейді, есейе келе семіру қаупінің төмендеуі мүмкін, құлақ ауруының оның қайталану жағдайларының жиілігі төмендейді.
Ана үшін артықшылықтарына ананың босанғаннан кейінгі күшінің қалыпқа келуіне ықпал ету және анемия мен басқада ақаулардың дамуын төмендетуге әрекет ету үшін, жаңа туылған нәрестені ананың сүтімен емізу керек, ана мен бала арасындағы биологиялық және эмоционалдық қатынас орнығады және ұзаққа созылады, емшектен емізу кезеңі өміріндегі аса жағымды және бақытты сәттердің бірі болып табылады.
Алғашқы алты айда тек ана сүтімен емізу жүктіліктің алдын – алудың (98%) сенімді әдісі болып табылады. Жүктілікке дейінгі дене салмағына оралуға ықпал етеді. Сүт пен аналық бездердің қатерлі ісігінің даму қаупын азайтады. Негізінде баланы 1,5 – 2 жасқа дейін ана сүтінен айырмау керек. Ана уызына жарымаған бала аурушаң, әлсіз келеді. Ана сүтін ұзақ емген бала мейірімді де ақылды болып өседі.