+1 дауыс
14.3k көрілді
Жүктілікті қалай жоспарлау керек? Бала көтеру.

1 жауап

0 дауыс

Әрбір әйелде жүктілікке дейін медициналық тексеруден өтіп алдын ала барлық ауру сырқаулардан емделіп алған жүктіліктің сәтті аяқталып, дені сау баланың туылуы үшін маңызы зор. Сонымен қатар жүктілік анықталғаннан бастап медицина қызметкерлері тарапынан жүкті әйелдің денсаулық жағдайын толық деңгейде тексеріп қарауды және кеңес алуды қажет етеді. Бұл  бірінші кезекте қант диабеті, тиреотоксикоз, гипотиреоз, туберкулез, жүрек  ақаулығы, АИТВ-ифекция, кез келген ағзада дамып жатқан ісіктер сияқты ауруларға қатысты. Жүктілікке дайындықты неден бастау керек? Жүктілікке дайындық болашақ ата-аналардың денсаулық жағдайын тексеруді қамтиды. Жүктілікті жоспарлай  отырып, болашақ аналарға салауатты өмір салтын жүргізудің жалпы қағидасы  туралы білу қажет. Оларға тамақтану режимін реттеу, темекі шегуден және  алькагольді ішімдіктер ішуден бас тарту, дене шынықтыруды ұмытпау керек, таза  ауада жиі болу керек. Емдеуші  дәрігердің кеңесімен жұбайлардың серіктестердің  фолий қышқылын қабылдау керек. Егер болашақ ана қант диабетімен, жүрек-қан  тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын болса, егер сырқаттанғанда балалардағы  туа біткен ақаулығы бар босанулар болған болса, жүктілікке дейінгі кезеңде фолий қышқылын қабылдау әсіресе маңызды.                                                            

Жуктілікті жоспарлау кезінде қандай мамандарға жүгінуге болады? Әрбір әйел жүктілікті болжаған уақытынан 3-6 ай бұрын медициналық тексеруден өту қажет.  Бірінші кезекте акушер-гинекологқа, терапевтке  бару қажет, олар сізді қажет  болған жағдайда (кардиолог, эндокринолог, нефролог, генетик) мамандарына  жібереді. Стоматологқа  міндетті  түрде  көріну  қажет. Кейбір  дәрі-дәрмектермен  ем алып жүрген болса мүмкіндігінше жүктілікті жоспарлау уақытша тоқтата тұру қажет, өйткені көп дәрілердің ұрыққа тератогендік әсері болады. Уақытылы  дәрігерге барып ең қауіпсіз  дәрілерге ауыстыруға болады. Өкінішке орай, анаға да, болшақ балаға да қауіпті  болатын аурулар түрі көп. Олардың асқынуға жеткізетін қауіп-қатер факторларын  төмендету үшін жүктілікке дейін толық емделіп болуын қамтамасыз ету қажет. 

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша, ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса, жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені, сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай Адамның келгендігінің белгісі. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...