0 дауыс
6.4k көрілді
Әйел, қыздарды мінезін шашына қарап айтуға болады ма?

7 жауап

0 дауыс
Болады. Шашы ұзын қыздардың ақылы қысқа (әзіл)

шашы үзын ыздар салмақты, инабатты келеді,шашы қысқалау әр түске ояп жүретін сәнге жақын сылқым қыздар,шашы тарамай шатасып жүргенде салақ екенін көрсетеді, боямайтындары иманды жәнеде т.б
0 дауыс

Қара шашты әйелдер, қыздар. Олар айтқанынан қайтпайтын бірбеткей, өктем сөйлейді, жұрт назарын бірден өзіне аударады. Әзіл айтуға бейім.

Қоңыр шашты әйелдер, қыздар (немесе қоңыр сары). Ашық мінезді, кеңпейілді, кез-келген адаммен тіл табыса алады, жаны жомарттықты қалайды. Бойындағы қарапайымдылығы мен тартымдылығын жоғалтпайды, жасанды қылық жасауды ұнатпайды. Мінезі байсалды.

Жирен шашты әйелдер, қыздар. Олар өте сирек кездеседі. Жан-жақты талантты, бір көргенде бойынан қаталдық сезіледі, алайда мінезі жайдары, сезімтал.

Сары шашты әйелдер, қыздар. Мінезі байсалды, әрі жұмсақ. Олармен жақсы тіл табыса алсаң, сені бойындағы ізгі қасиеттерімен қуантатын болады. Жүрегіне жол тапқандарға сары шашты әйелдер ерекше жылулық сыйлайды. Алайда кей адамдар бұларды «қу, сырын ішке бүккен тымырсық жан» деп те ойлайды.

0 дауыс
Жоқ шашына қарап мінезін біле алмайсың
+1 дауыс
Шашым ұзын, қара түсті. Ақылым қысқа деп айталмаймын.
Сәл мақтаншақтық бар..
Мақтаныш емес бұл, шашы ұзын ақылы қысқа деген сөзге жыным ұстайды, әдейі жазып отырмын.
Шашы ұзын ақылы қысқа деген әйел адамның еркек адамға қарағанда ақылы қысқа деген сөзғо)
хмм келіспеймін.
Ғалымдар арасынан Нобель сыйлығын алған қандай әйел адам бар? Бұл менің ойым емес, мойындау керек солай жаратылған.
Нобель сыйлығын физик әйел алған, бүгін физикада бақылауда келді
Ғаламтордан дұрыстап қараңыз. Химия және физика пәндерінен Нобель сыйлығын алған әйелдер жетеді.
+1 дауыс

Шашына қарап мінезін таны

Қара шашты әйелдер.Мұндай әйелдер әдетте айтқанынан қайтпайтын бірбеткей мінезді болып келеді.Айтар сөзін өктем айтып, жұрт назарының бірден өзіне ауғанын қалайтын жандар.Ұтымды әзіл айта білгенімен, кей кездері өткір тілімен орап, бірақ кісі жанына тигенін сездірмейтін мінезі бар.
Показать полностью..
Қоңыр шашты әйелдер.Шашының түсі қоңыр немесе қоңыр сары әйелдер ашық мінезді, кең пейілді, кез келген адаммен тіл табыса алатын қасиетке ие жандар.Олардың жаны жомарттықты қалайды.Өзінің бойындағы қарапайымдылық пен тартымдылығын жоғалтпайды.Жасанды қылық жасауды ұнатпайды.Тал бойынан байсалды мінезі айқын көрініп тұрады.
Жирен шашты әйелдер.Тумысынан жирен шашты әйелдер өте сирек кездеседі.Ал мұндай әйелдер жан жақты талантты болып келеді.Бір көргенде бұлардың бойынан қаталдықтың бір белгісін байқауға болады, секем де алып қаласың.Алайда олардың мінезі жайдары әрі сезімтал болып келеді.
Сары шашты әйелдер.Тумысынан шашы сары әйелдер мінезі байсалды әрі жұмсақ болып келеді.Көпшілігі мұндай әйелдерді қу әрі сырын ішіне бүккен тымырсық деп кінәлауы мүмкін.Дегенмен, олармен жақсы тіл табыса алатын болсаңыз, бойындағы ізгі қасиеттерімен қуанта алады.Ал олардың жүрегіне жол таба білетін ер адамдарға сары шашты әйелдер ерекше жан сұлулығын сыйлай алады.

0 дауыс
Сыртынан тон пішуге болмайды дегендей, адамның мінезіне шаштың еш қатысы жоқ.
0 дауыс
Шашына қарап білүге болмайды
...